0 дауыс
821 көрілді
Ғалымдардың етістік шақтары туралы пікірлері керек!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

М.Балақаев: «Болымсыз етістіктің келер шақтық тұлғасының бірі I жақта  май-й-мын болуы грамматикалық - норма. Сонымен қатар ол ауытқып -ман түрінде де жұмсалады. Грамматикалық тұлғасының негізгі  нормадан өзгеше болып ауытқуы бұл арада заңды: -ман (басқа варианттары да) тұлғасы осындайда -май-мын қосымшалары орнына жұмсалғанда, ерекше стильдік қызмет атқарады: егер бармаймын, айтпаймын жай болымсыздық хабар болса, барман, айтпан деген істі істеуден қайсарлықпен үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді. Мұны нормадан жөнімен ауытқу деп тауып, сондайды дұрыс қолданған кісілерді қоштап отыру керек» - дейді 

Р.Сыздықова: «…бірыңғай мәндегі сөйлемдердің етістіктері болымды түріне –ар жұрнақты, болымсызында –ма+н жұрнақты тұлғалармен берілген» - дейді

Ғ. Мұсабаев келер шақ аффиксі болып кеткен  жіктеу есімдігін  -мын, -мін деп жақтық қосымшаға теліп жүрміз, мұнда осы шақтың көрсеткіші жоқ. Қазақ тілінде осы шақтың тұлғасы жоқ, ол аналитикалық тәсілмен беріледі (отыр, жатыр, тұр, жүр) көмекші етістіктерін атайды.

М. Қашқари да осы шақ туралы сөз қозғамайды оның тұсында болмаған дейді. Ауыспалы осы шақ етістіктің түбіріне көсемшенің -а, -е, -й жұрнағы мен жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалатыны белгілі (кел+е+мін,  бар+а+мын).

 

...