0 дауыс
34.2k көрілді
Көмекші етістік дегеніміз не және оған қандай сөздер жатады?

4 жауап

+2 дауыс
Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 К.е. бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады. Қазақ тілінде толық лексик. мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі К. е. мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (К. е.), қой (негізгі етістік) – айтып (К. е.), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (К. е.). Лексик. мағынасынан айырылып, К. е. мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). К. е. негізгі етістікке есімше, көсемше тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр.
+1 дауыс
Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы: Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар – алып бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. Сөздердің қосарлануынан жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.

 

Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.
0 дауыс
мысалы.Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сурады."Ы.Алтынсарин"
0 дауыс
'''Көмекші етістік ''' – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып [[сөйлем мүшесі]] бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, [[есім]] сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 К.е. бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз [[көмекші етістік]]тер деп аталады. Қазақ тілінде толық лексик. мағынасы бар бірқатар [[етістік]]тер әрі негізгі, әрі К. е. мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (К. е.), қой (негізгі етістік) – айтып (К. е.), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (К. е.). Лексик. мағынасынан айырылып, К. е. мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). К. е. негізгі етістікке [[есімше]], [[көсемше]] тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр.  Әдеб.: Оралбаева Н., Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары, А., 1975; Исаев С., Қазақ тілі, А., 1993; Қазақ тілі, А., 1996.

{{Суретсіз мақала}}
[[Санат:Сөз таптары]]

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 13.03.2022 Университет, колледж сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
диана 19.01.2017 Қазақ тілі сұрақ қойды
...