+1 дауыс
769 көрілді
«Бизнестің жол картасы 2020» деген не? Оның негізгі мақсаты қандай?

1 жауап

0 дауыс
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жж. арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру жатады.
...