0 дауыс
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
02.12.2012 2.0k қаралым

1 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010 - 2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
 Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
03.12.2012

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы