+1 дауыс
2.1k көрілді
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қолдау қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?

1 жауап

0 дауыс
Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау
Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:
1) жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
2) банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
4) бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;
5) кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.
Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:
1) борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық мөлшерлемені және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;
2) борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін өсімпұл есептемей беру мәселесін қарау;
3) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Мемлекеттік қолдау банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
...