Лизинг – дегеніміз бүкіл сомасын бірден төлеуді талап етпейтін құрал-жабдықты, техниканы және басқа активтерді сатып алудың инновациялық тәсілі.
Лизинг бір тараптан лизингтік компания (Лизинг беруші) және екінші тараптан осы құрал-жабдықты пайдаланушы клиент (Лизинг алушы) арасында жасалатын жазбаша ресімделген шартты білдіреді. Осы Шартқа сәйкес Лизинг алушы Лизинг берушіге меншік құқығымен Лизинг берушіге тиесілі капиталдық құрал-жабдықты пайдаланғаны үшін белгілі кезең ішінде лизингтік төлемдердің белгілі сомасын төлеуге келісім береді. Бұл жағдайда Лизинг алушыға аталған құрал-жабдықты сатып алуды және иелік етуге енуді жүзеге асырудың қажеті жоқ. Басқаша айтқанда, бұл құрал-жабдықты кейінгі сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді негізде жалға алу.
Қайтарымды лизинг кәсіпорын – құрал-жабдықтың меншік иесіне айналымдағы қаражат жетіспей, өз құрал-жабдығын өз кезегінде мүлікті аталған кәсіпорынға лизингке ұсынатын лизингтік компанияға сатқан кезде пайда болады.
Қаржы лизингі шарты аяқталған кезде лизинг затына меншік құқығы барлық міндеттемелерді төлегеннен кейін Лизинг алушыға алдын-ала белгіленген баға бойынша көшеді.