+1 дауыс
6.1k көрілді
Толық серіктестік деген қандай серіктестік? Оның ерекшеліктері қандай?

1 жауап

0 дауыс

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік. Толық серіктестіктің негізгі ерекшеліктері төмендегідей:
1.Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез келген қатысушы өзінің барлық мүлкімен жауап береді.
2.Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиһаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады. Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...