+10 дауыс
1.7k көрілді

Сайт қолданушыларына сәлем!

Сайтта болып жатқан жағдайларға анализ жүргізіп отырып, кері байланыс арқылы сайт қолданушылары арқылы келіп жатқан хаттарды оқып, қажет болса жауап беріп жатырмын.

Осыдан бір ай бұрын басталған әр айдың белсенді қолданушыларын марапаттау үлкен белсенділікті туғызды. Бәсекелестік артты десем де қате айтпаған болармын. Осы және басқа да факторларды ескеріп шағын бір хабарлама айтып кетсем деп едім.

1. Менің логинімді ауыстырып берші дегеннен бұрын неге ауыстыру керектігі туралы ақпаратты қоса жазып жіберсеңіздер. Маған ұнамай тұр, сол үшін ауыстыршы деген жарамайды. Шынымен де ауыстыруды қажет ететін жағдай болса ауыстырып беремін. Ауыстыру үшін серведі өшіріп, сосын барып деректер қорына кіріп барып ауыстыруды қажет етеді. Сондықтан ауыстыра салу оңай шаруа емес, аздаған уақытты тала етеді.

2. Келесі аптаның соңына дейін видеонұсқаулықтар түсіретін боалмын.

  • Сұрақ-Жауап сайты деген не?
  • Қалай тіркелуге болады?
  • Құпиясөзді қалай қалпына келтіремін?
  • Қалай сұрақ қоямын?
  • Қалай жауап беремін?
  • Блог жүргізу
  • т.б.

осы секілді тақырыптарға жауап беретін 2-3 минуттық видеонұсқаулықтар болады.

3. Сайттағы әр айдың белсенді қолданушыларын анықтау сайысында келіспеушіліктер болып жатқанын байқадым. Тағы да қайталап өтейін: Сайттың оң жағындағы белсендіктерді анықтау автоматты түрде балл жүйесіне негізделген. Сондықтан оны соңғы шешім ретінде қабылмаймын. Соңғы шешімді өзім қабылдаймын. Яғни айдың соңғы белсенділерін мен таңдаймын, сайт таңдамайды.

Сондықтан сапалы жазып, жақсы жауап санын артырайық.

Мысалы: 

Бір қолданушы бірінші орында тұр: Жауаптары: 930 (9 жақсы жауап)

Екінші қолданушы 6 немесе 7 орында тұр: Жауаптары: 1,479 (306 жақсы жауап)

Әрине мен бірінші орынды бірінші орындағы қолданушыға бермеймін. Балл үшін бос жауап беріп, бірінші орында тұрғанымен жақсы жауаптар саны 9-ақ болса оған бірінші орынды бермейтінім-анық.

Сондықтан балл жинағанда да бос жауап беріп, ЖЖ саны болмаса бірінші орында тұрғанымен 5-тікке де енбей қалса таң қалмаңыздар. Не үшін алдын айтпадың, мені алдадың деп ертеңгі күні еш қолданушы өкпелеудің қажеті жоқ. Мен нағыз шын белсендіні марапаттаймын.

4. Қаңтар айындағы белсенділерді марапаттап шықтым. Тек Шыңғыс хан атты қолданушы ғана қалды. Өкінішке орай Қарақалпақстан елінен болғандықтан, аудару жағы шешілмей жатыр. Алдағы уақытта ол жағын қарастырамын.

5. Блог жазуға шақырамын. Өзге сайттардан көшірілмеген, өздері жазған жазбалар ескеріледі. https://surak.baribar.kz/blogs

6. Сайт қолданушыларына ұсыныс. Өздеріңіздің сыныптастарыңыз, группаластарыңыз, аға-әпкелеріңізді сайтқа тіркелуге шақырсаңыздар. Әр қолданушы 5-10 шақты қолданушыны тартып, сайтты қалай қолдану керектігі, сайттың мақсаты туралы шағын-шағын лекция-практикалық шаралар істеп, қолданушылар тартса керемет болар еді.

7. Сұрақ-Жауап сайтында белсенді болған қолданушыларға сертификат жағына келетін болсақ. Оны ұйымдастыра аламын. Қазір менің печатьымда ИП Серікбай Е.А. деп кеткен екен. Оның атын өзгертіп SZH Media деп өзгертіп алсам, онда печать басып әр айдың белсенді қолданушыларына таратуға боалды. Есесіне ол сіздерге грамота ретінде жүреді. Егер ата-аналарыңыз мұғалім болатын болса, өздерінде бар ақпаратпен сайтымызда, блогта жазбалар жариялап бөлісетін болса сертификат бере аламыз алдағы уақытта.

Сайтқа қатысты ойларыңыз болса осында жауап беріп жазсаңыздар болады. Сайтқа қатысты қазіргі жағдайларды бір талқылап алсақ деп едім.

Мысалы мен шығармын. Оған ренжудің қажеті жоқ. "Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады", - деген атам қазақ.
Орынбасар,сен емессің))
Ренжімейм м.вирус,тек грубо жазбасаңызшы))
Мақұл ) Ренжітіп алсам, кешір ;)
Әй, мен болармын.
Терминатор болып кетiпсiң ғой деген екен...
Грамматикалық қателер ФАК көмекте де бар,өңдейтін ойың жоқ па Ереке?

20 жауап

+6 дауыс
  1. Мұныңыз орынды екен, маған қатысты айтыпсыз. Жалпы нигімдегі (Шиелі) жұрнағы көп жерде теруге қиындау болады. Бір пернетақталарда жақша белгісін таппай қалып та жатамын. Көптеген ыңғайсыздықтар тудырғандықтан өзгертуге ұсыныс тастаған болатынмын. Өзгерткеніңізге рахмет! Енді тек қана қарапайым Жұбатхан болдым. :))
  2. Видеонұсқаулықтарға ұсынысым, сайтқа жаңадан тіркелгендерге осы видео сілтемелері барып тұрса. Сонда олар өздеріне келген хабарландыру арқылы өздеріне қажетті ақпаратты біліп алар да еді.
  3. Менде ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Алдыңғы айда 5-орыннан 3-орынға көтердіңіз, оған үлкен рахмет айтамын. Жауаптары саны дәл қазіргі уақыттаа 836, оның  180-і Жақсы Жауап екен. Әлі де нашарлау секілді. :)) Көбейтуге тырысармын.
  4. Қарақалпақстанда Киви жоқ па екен? Қарақалпақстанға поштамен жіберу қиынырақ болар, Шыңғыс ханның ата-анасының Visa-сына аударса қалай болады?
  5. Блог жазуға барынша тырысып жүрмін.  Әсіресе пайдалыларын.
  6. Сайтқа басқа жаңадан қолданушылар  тартуға тырысармын. Бірақ олар тұрақты қолданады деп айту қиын. Әркім әрқалай.
  7. Ондай сертификат беретін сайттар бар. Электронды түрде сертификат жасап, печать қойып, эл.поштамен жібереді. Ал алған адам өзі түсті принтермен шығарып алады. Ал егерде бұл идеяны дамытар болсақ, СЖ-ның сувенирлерін, рамкамен қапталған дипломдарды поштамен жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Сайтты шынымен де 24 сағат бақылауда ұстайды екенсіз. :)) Еңбегіңізге, осындай сайт ашқаныңызға рахмет!
Жұбатқан сен туралы айтып жатқаным жоқ. Мысалы сен не үшін өзгерту туралы толық жазып жібергенсің. Сенен басқа қолданушылар өзгертіп берші деп жазып жатады.
Видеонұсқаулықтарды әні түсіремін, міне түсіремін деп әлі жүрмін. Міндетті түрде түсіремін.
+1 дауыс
Құметті Админ! Әрине дұрыс келісеміз. Гамоталар таратуды мен айтқан едім қолданушыларға! Өз ойым мектеп арасына апарып міне, интернетте де қазақша,пайдалы сайт бар деп мақтансақ қайда жатыр. Көп балаларды көріп жүрмін, вкда,уатсапта отырады. Одан не пайда? Өзім СЖ сайтын білімге ұмтылдыратын, өрісімізді ашатын сайт деп есептеймін. Сертификатты әр айдың үздік 20 қолданушысына берсеңіз екен. Осы айтдан бастап. Бір жетінен қызықты, бір шетінен көп қолданушы ұмытылады. Жауапсыз сұрақтар болмас еді. Мені редактор қылып сайлағаныңызға көп рахмет. Сабақ оқымасам да, СЖға кіремін.
Нақты осы айда беремін деп айта алмаймын сертификатты. Алдағы уақытта қарастырамын осы мәселені. Рахмет!
Сабағыңды оқу - ол сенің негізгі міндетің. Уақытыңды дұрыс ұйымдастыра білсең бәріне де үлгіресің.
+5 дауыс
Сайт қолданушылары, сапалы шын сұрақ қойып сапалы шын жауап беруге тырысайық)
+2 дауыс
2,7-пункттер өте жақсы екен. Видеонұсқаулықтарды жасағаныңыз шынымен қуантарлық,себебі сайтты түсінбей жататындар бар. Сертификатқа келсек,үздік әрі белсенді қолданушыларға сертификат беріп тұрсаңыз,қатып кетер еді. Жұбатхан айтқандай,алған адам принтермен шығарып алуына болады) Орынбасармен де келісемін,яғни мектептегі достарымызға көрсетіп,осындай жақсы сайт барын айтсақ,олар да сайтқа тартылар еді,ата-анамызда қуанып қалар еді,интернетте құр босқа жаман пайдасыз нәрсені емес,біреуге пайдамыз тиіп,өзімізге де пайдалы ақпаратты алып отыратын сайтта отыратынымызды көріп))) Жалпы,сайтқа мен бұрындары тіркелгеніммен аса кірмейтінмін,тек 1-2 сұрақ қойып кеткенім болмаса) Қазір сайттың қызықты әрі пайдасы мол екенін көріп,сайтта көп уақыт отырамын) Сайтқа қызығушылығымды бір жігіт арттырған,яғни соның арқасында тіркелдім) Өзімде достарыма айтып жүремін) Админ,сізге айтар алғысым шексіз) Қазақ тілді мәліметтер интернетте өте аз,ал осы сайтта сұрақ қойып,білетін адамдан жауап алып отырамыз ғоо))))
Жігтіңіз болар! Менің де айтарым интернетте бекер отырмайтынымызды көрсеткім келген.
Сайтты қызықтыратындай жағдай жасау менің міндетім болу керек. Сондықтан қалай қызық қылудың жолдарын қарастырып жатырмын. Сайт тек қызық болып ғана емес, пайдалы болу керек. Оны да ескеру керек :)
+1 дауыс
ЖЖ есептелетін болса, өзіңіз де жауаптарды бір шолып шығып ЖЖқа лайықтысын таңдап шықсаңыз дұрыс болар еді. Кейбір қолданушылар ЖЖ таңдамайды. Жəне тағы айтар ұсынысым мен телефонмен отырғандықтан жауап жазып жатып бір сілтемеге қолым тиіп кетсе жазғн жауаптарымның бəрі өшіп сілтемеге байқамай кіріп кетемін. Жазып жатқан жауабым ұзақ немесе формула болса қайтіп жазғым келмей қалады. Бірақ сонда да жазып шығамын. Немесе басқа да интерннетке байланысты ақаулар болып жатса жауаптарым өшіп кетеді. Сондықтан басқа сілтемеге, басқа бетке өтер де "Сіз жауапты өшіруге келісесіз бе?" деген сияқты келісім сұрау хабарламасы шығып тұрса жақсы болар еді. Түсіндіре алдым деп ойлаймын:) Алдын ала рахмет))
Мендеде солай Жауаптаға әрендегенде жауап беріп жатам еңбегіммен бірақ иесі ЖЖ баспайтыны жаман.
Сондай болып жатады енді((
Жазған жауаптарың көңілден шығарлықтай дұрыс болып жатса ғана ЖЖ деп танылады, олай болмаса өкпелеу орынсыз болады.
Мен бұл жерде өзім туралы айтпадым. Кейбір жауаптар бар ЖЖқа лайық. Бірақ баспайды
+2 дауыс
Ассаламуғалейкум Админ мырза және сайт қолданушылары.

Өзім телфоннан кірген соң көп қиыншылықтарға тап боламын. Солардан бірі есеп шығару уақтында формула жазу өте қиын. Қолымнан келгенше қолданушыларға жеткізіп беруге әрекет етемін. Соң жауап берсем, жауабымда әрдайым қосу ( ) таңбасы шықпай жатады. Сол жақтан көп қиналамын. Әрдайым қайта өңдеп отырғаным.
Сізге бір ғана ұсынысым бар. Ол да болса қолданушылардың жасын тіркелгенде толық көрсетуін талап ету.
Ендеше осы сайтқа еңбегімізді аямайық!!!!
0 дауыс
Ассалаумағалейкум Ербол аға! Келісемін, ендігі кезекте барынша дұрыс, әрі нақты жауап беруге тырысамын.
+3 дауыс
Мектеп оқушыларының үйге берген тапсырмаларын осында сұрақ ретінде қоя беретіні алаңдатады. Ең болмаса өздері құттай ойланып жауабын жазып, осылай дұрыс па деп те сұрақ қоймайды.
Бұл туралы мен де сайтқа жазғанмын. Шындығында, ол мектеп тапсырмасы болғанымен, ол да сұрақ ))
Рас, сұрақ, бірақ тым артықтау.
Қайншама айтсақ та, жазсақ та, бәрібір ондай сұрақтар шыға береді.
Дұрыс емеспе? Әркімді мазалаған СҰРАҚ-ЖАУАП деген осы.
+2 дауыс
Кеш жарық сайт қолданушылары!

Админ мырза, айтқандарыңыздың жаны бар, өте дұрыс айтылған.Сайт белсенділері жайында айтылғаныңыз да дұрыс. Жоғарыда айтылған пікірлерге мен де қосыламын. Сайттың көркеюін мен де шын ниетіммен қалаймын!Еңбегіңіз жемісті болсын!
–1 дауыс
Мен жоғарыдағы жауаптарға қосыламын.
Жаман нәрсе айтпаған сияқты едім))
+1 дауыс

5. Қолдан келгенше көшірмеуге тырысып-ақ жатырмыз)

7.Сертификат,мақтау қағазы болса жақсы болар еді.

Бәрін курсивпен жазба.
+1 дауыс
Мені білесіз ғой сайттың кез-келген ережелерімен келісетінімді, тек бір сұрақ блог жазу туралы, мысалы мен басқа сайттан блог ашып, ондағы жазбаларымды мындағы блогқа көшірсем бола ма, (плагиат болмайтын шығар себебі өз жазбам, өз блогым ғой)
Әрине өз жазбаңыз болса ешқандай шектеу жоқ. Қайта өзіңіздің жазбаларыңызды осында көшіріп жарияласаңыз қуанар едік.
Әрине, болады. Себебі, ол сенің өзіңнің ой-пікірің ғой.
Мәке, осы жақта жазып ол жаққа сілтемемен лақтырсаң одан да тамаша болар еді, бір жағы СЖға жарнама))
+2 дауыс
Сайттың маған ұнамай қалатын, кіргім келмей кететін бір ғана себебі бар, оны кері байланысқа да жаздым ғой)) Сол жағы дұрыс болса, қалғаны тәуекел)
Даке сенің ескертпеңді мен өзім қолға аламын. Сайтты қадағалап отырып, сондай сұрақтарды көріп қалдым тез арада бір шараша қолданамын. Ондай сұрақтарды көріп қалсаң пікір ретінде сұрақтың астына собачка қойып менің атымды жазсаң хабарлама ретінде хат келіп, тез арада көремін. @admin
Дін тақырыбы мен ұлтаралық қатынастар тақырбы өте нәзік тақырыптар. Осы тақырыптардағы сұрақтар жарияланбаса екен.
Діни сұрақтарды көріп қалсаңыздар, оны өшірмей жай жауап алынбайтындай етіп, жауып қоя салсаңыздар болады.
Мысалы:
https://surak.baribar.kz/212159/
Бұрын қойылып кім болса сол әлі күнге дейін жауап жазып жатқандарын ше?
Бұрын қойылған сұрақтарды өшірмеген дұрыс. "Ұқсас сұрақтар" тегы бойынша тауып алады.
+5 дауыс

Алға СЖ!.....................................

+4 дауыс
@Admin, мен бір жылдан астам уақыттан бері СЖ сайтын қолданып келемін, уақыт болғанда белсенділігімді арттырып тұратынмын арасында, СЖ сайтына реалда да, виртуалда да қаншама достарымды шақырдым, тіркеле алмай жатқандарға ерінбей тіркелу жолдарын түсіндірдім қаншама рет, интернетте басқа да тіркелген сайттарыма СЖ сайтының сілтемесін тастап кетіп жүрдім кішігірім жарнама ретінде, СЖ сайты мен үшін номері бірінші сайт еді.. Бірақ, соңғы кездері бұл сайтқа кіргім келмей қалды, себебі, қолданушылары дөрекі, редактор-модераторлар сұрақ-жауаптарымды жасырып тастай салады, бұрынғы сұрақтарға өтірік жауап жаза беретіндер де көбейіп кетті (Ayan Arkharbek, Orynbasar, Ерасыл1995) @Orynbasar редактор екен, бірақ өзі сауатсыз, бестікке кіру үшін өтірік жауаптар жаза береді, Ерасыл1995 #модератор екен оның да жауаптары оңып тұрған жоқ, қатесі көп,,,, @Meddi никтегі бірінші аккаунтымда #редактор едім оны да біреулер көп көрді ма #маман дәрежесіне түсіп қалыппын, сондықтан ол аккаунтыммен кірмей қойдым, осы аккаунтыммен де ешқандай белсенділігім жоқ деуге болады, себебі сайттан көңілім қалды. Жалпы сайттың белсенділігі артты қаржылай сыйлықтың арқасында, бірақ сапасы төмендеп кеткен сияқты, саны бар сапасы жоқ сұрақ-жауаптардан сайтқа келіп кетер пайда шамалы..
Менің жауабыма жаман жауап деп айтып көрген бірде-бір адамды көрген емеспін. Сіз ескерту айтсаңыз мен де бәрінің қатесіне, тіпті маман кезімде сұрақтарға да ескерту беріп отырдым. Екіншіден мен сенің бірде-бір жауабыңды жасырған жоқпын. Сенде бір жыл бұрын тіркелсең мен де бір жыл бұрын тіркелдім. Ал редакторлығым өзімнің жеткен жетістігім. https://surak.baribar.kz/user/Admin мырзаға рахмет. Екі логинмен кіріп жүрген өзің де күдіктісің. Әркімнің қателігі бар. Біреуді айта бермей адам өз қателігін түзей білу керек. Медди қолданушы болып кіріп, Редактор ма модератор ма болсаң, ал енді маманға түссең белсенділік танытпағансың. Бестікке кіру үшін деген не сөз? Ал дөрекі десеңіз неге мені қосып отырсыз? Менің ескерту беруден басқа айқасқан кездерім жоқ десе деболады.
Жауапты дұрыстап оқы да, сосын пікір қалдыр.. Сен бар ғой біреуге "қатесіз жаз"  деп ескерту берер алдың өзің қатесіз жазуды үйрен. Мына пікіріңде де қаншама қате бар, қалай редактор боп жүргеніңді түсінбедім.
Уақыты келгенде түсінерсің қалай редактор болғанымды.
Орынбасар сенің жауабыңа мен айтамын жаман жауап деп. " Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл ". Босқа тыраштанбай өз қатеңді жөндегейсің...
...