+3 дауыс
472 көрілді
Оу ағайындар, мына жауапберушілер не  болып кеткен? Бұрыңғы белсенділер қайда?

Ayan Arkharbek 1, Orynbasar, Ерасыл1995 деген сияқтылар қаптап кетіпті ғой?!
Жауап беріп,бермеймізбе сенің нең бар?
СЖ қазір осындай бейшара күйде, ары қарай бұдан да жаман бола ма деп қорқамын...
тағы кімдер ұнамай жатыр,ұнайтындарын да қосып жаза салшы

10 жауап

0 дауыс
Сұрақ қоюшылар да бұрынғыдай емес екен, байқадым. Жауап бере қояйын десең болмайтын сұрақтар. Балл көтеру үшін ғана қойылып жатқан сұрақтар сияқты.
–1 дауыс
Белсендiлер Жанар996,Злой,МВирус2013 болғаны бомаса,басқалары қайдам...
+1 дауыс
Кім жауап берсе де,пайдалы жауап жазса болғаны (өзім үшін)
+1 дауыс

Жаңадан қолданушылардың тіркелгені және сол келгендердің   белсенді болуы , керісінше сайт үшін  де, біз үшін де жақсы :3 И бұрынғы жауап берушілер де жүрміз ғой :*

+3 дауыс
Мектеп оқушыларының есептерін шығарып берген, дұрыс болмайды, ол істегендерің оларды,"жеңілдің астымен, ауырдың үстімен" жүруге үйреткендерің. Немесе, қасқырдың қоянға көрсеткен көмегі пішіндес. Көмектескілерің келіп бара жатса, сол тақырыпқа байланысты баланың теориядан ,нені білу керек екенін, практикада, яғни есеп шығаруда, сол ереженің қалай шығарылатындығын ұқсас мысалдармен көрсетіп беріңдер. Бала сендер шығарған есептің қалай шығарылғанын мұғаліміне түсіндіріп бере алмайды, Артық айтсам кешіріңдер, көмектерің бал жинау тәсілі сияқты.
Ақсақал сіздікі дұрыс. Бірақ олар ақыл айтпай шығарып бермейсіңбе? деп ренжіп жатады.
+1 дауыс
Балл үшін жарысуда...
0 дауыс
Жігіттер! Пікір таласқандарыңыз өте дұрыс, бірақ ұрысқандарың жараспайды. Қалай болғанда да сыйласа білген дұрыс. Айқаймен іс бітпейді.
0 дауыс

Осындамызғо ))))))))))))))))))))

 

+1 дауыс
СЖ сайтының бұрын қандай болғанын білмеймін, шынымды айтсам. Мен де жаңа қолданушымын. Әркімнің қалаған сұрағын қоюына, қалаған жауабын жазуына хақысы бар бұл сайтта. Көптен көкейінде жүрген сауалды қоятындар да, психологиялық кеңес сұрайтындар да, БАҚ-дағы түйткілді мәселелерді жазатындар да, сауалнама ретінде қызықты сұрақты сұрақ қоятын қолданушылар да бар. Мұндағылардың жас ерекшеліктері, мамандығы, қызығушылықтары әр алуан. Сондықтан барлығы сіз қалағандай сұрақ қойып, сіз қалағандай жауап бере алмайды. Бұған бола көпке топырақ шашудың қажеті жоқ. Бұрынғы қолданушы болмаса да, қолынан келгенше тұшымды жауап беруге тырысатын адамдардың еңбегін жоқққа шығармаған дұрыс сияқты,
0 дауыс
Сұрақты құқығы болғансоң қояды,әрине.Мен оқушылар жөнінде айттым, олар сұрақты жас ерекшеліктеріне байланысты қояп отыр, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін айыра алмағандықтан. Соған байланысты айтылған пікір. Тағы да қайталаймын, бұл қазақша айтқанда ақыл айту. Қабылдайсың ба, жоқ па, оны өзіңнің ой- өрісің біледі.Құқығың бар.
...