0 дауыс
829 көрілді
Міржақыпқызы Гүлнар Дулатова деген кім?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Дулатова Гүлнар Міржақыпқызы - журналист, әдеби мұраларды жинаушы. Алаш қайраткері М.Дулатовтың қызы. ОЛ 1915 жылдың Орынбор қаласында туған. 1939 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1939-1987 жылдарыдәрігер-дерматолог қызметін атқарған.Г.Міржақыпқызы «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, т.б. туралы деректерді алғаш жариялаушы. Алматыдағы Орталық мұражайға, Торғайдағы,Қостанайдағы, Семейдегі, Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарың кітаптар, суреттер, хаттар мен құжаттар, т.б. көптеген экспонаттар тапсырған. Баспасөзде Г.Міржақыпқызының очерктері мен эсселері 1988 жылдан бастап жариялана бастады. 1995-1999 жылдары «Свет истины» («Шындық шырағы») екі томдық кітабы жарық көрді. Сондай- ақ, Гүлнар әкесінің «Оян, қазақ!» кітабын, екі томдық шығармалар жинағын, бестомдық шығармалар жинағын құрастырушыларының бірі
+1 дауыс
Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова 1915 жылы 4 қарашада Орынборда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген Гүлнәр Дулатова дәрігер болып қызмет атқарды.
...