0 дауыс
31.2k көрілді
Халқымыздағы әр түлік малдың «бақташы иелері» білесіз бе?  Олар не себептен олай аталған?
Халқымыздағы әр түлік малдың «бақташы иелері» білесіз бе?  Олар не себептен олай аталған? осы суракка жауапты жазган адаммен калай кабарласа алам

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жылқы атасы - Қамбар

Түйе атасы - Ойсылқара

Сиыр атасы - Зеңгі баба

Қой атасы – Шопан ата

Ешкі атасы – Сек-сек ата

Төрт түліктің пірлері

Пір - деген өте қасиетті сөз. Пірлік деп белгілі бір саланың маманын, маманы болғанда да жетілген адамын атайды. Пірлік кереметтей ілім иесі болса, қарамағындағы халайыққа тәлім тәрбие беретіндей, жол көрсететіндей, ауыру сырқауы, жолдан адасқаны, басына әлде қалай ауырлық түскені, жаны күйзелгенде қолтығынан алатындай дәрежелі адам болған. Қазақтың төрт түлігінің пірі, иесі, киесі болған адамдар сол саланың маманы болған адамдар деп түсінүіміз керек.

19-ғасырда өмір сүріп «Түркі қауымдары тарихы» атты кітапты жазған Татар ғалымы Хасан Ата Абуший адамзат дамуын үш сатыға бөледі.

Бірінші - «Вахшият» яғни жабайы дәуір, адамдар жеткен жерінде жатып, тапқанын жеп күн кешеді. Тіршілік қамымен адамдар қоғамдаса бастайды. Әрине қауымның алғашқы түрі жан ұялық ата-әке-бала, немере деген секілді тұыстық  жүйемен келіп бөліне бастайды.

Екінші - Бадауият, бұл дәуірде адамдар малды қолға үйрете бастайды. Мал өнімдерін тері, жүн, сүйек, сүт пайдалануды үйренеді.

Жылқы атасы - Қамбар

Халықтың жылқы мен достасуы осы екінші кезеңде басталады. Жылқы алғаш күш көлігі болғаны мен келе келе қашса құтылатын, қуса жететін, яғни адамға қажетті жәрдемші ретінде пайдаланады. Қазақы ұғымда жылқының пірін Қамбар ата деп атайды. Қамбар ата туралы халық арасында әр-түрлі дерек бар, аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед с.ә.у. пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Біреулер Қамбар батыр жырының кейіпкері Қамбар батырды атайды, бірақ Қамбар батыр қалмақпен соғысты дейді олай болса Қамбар батыр 16-17-ғасырда өмір сүрген болып шығады. Мүмкін Қазақ халқы Түркілер қаумынан бөлініп хандық шаңырағын көтерген сәттен жылқы малының пірін Қамбар ата деп мойындау басталған шығар. Себебі Қамбар ата жылқының пірі болып Түркілер дәуірінде қолданған болса Түркі тектес халықтарда осылай  деп қабылдаған болар еді. Олай болса Қамбар батырдың жылқының пірі болуға толық құқы бар. Сайын далада ұшқан құспен, даланың бөкені, киігі мен жарысып өскен халық үшін атқа мініп жауға шапқан адамнан артық керемет болған емес. Сондықтан халық атқа мініп елін жаудан қорғаған ерін, жел жағына пана болған азаматын, ас-ауқатына себебші болып қарнын тойғызған әкесін пір тұтуы көңілге қонымды ғана емес қолайлы жағдай.

Түйе атасы - Ойсылқара

Ойсыл қара деп жүрген - Увайс Қарани шын мәнінде өмірде болған адам. Ертедегі «Яман» қәзіргі Ирактың маңында Пайғамбар дәуірінде яғни  VII-ғасырда өмір сүрген. Өмірін түйе бағумен өткізген. Тағадат ибадат пен әулиелік дәрежеге жеткен, пайғамбардың с.ә.у.-ның жіберген қырқасын (шекпен), егер Мұхаммед с.ә.у.-ның барлық үмметінің күнәсын кешпесең мына  сауғаны кимеймін деп Алладан өтініш ететіндей дәрежеге жеткен деп жазады «Әулиелер тарихы» атты кітапта 13-ғасырда өмір сүрген ғалым        Ф. Аттор. Ойсыл қара-Увайс Қарани жайында Түркілер арасында аңыз әңгімеледе де өмірін түйе бағумен өткізген деген. Демек түйенің жайын білетін, түйе өсірген, түйенің маманы-қазақшалап айтсақ түйенің пірі болып кеткен.  Ал Уикипедиядан алынған мәлімет бойынша Уәйіс әл-Қарани Шам шаһарына қарасты Қаран ауылында 7 ғасырда өмір сүрген. Ол әулиелік кереметімен Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келетінін алдын ала сезген. Ол Қаран елінің түйесін бағып, өзінің кәсіпке адалдығымен, тақуалығымен, қанағатшылдығымен көпке үлгі болған. Шешесінің рұқсатын алып, пайғамбарды көруге

Мединеге келген.Уәйіс Қаранидің әулиелігін, ыстық ілтипатын ерекше рухани байланыс арқылы сезінген Мұхаммед (c.ғ.с.) пайғамбар оған деген құрметінің белгісі және оның рухани дәрежесінің айғағы ретінде сахабалары арқылы өз шапанын сыйлайды. Науқас шешесіне қарайлаған Уәйіс Қарани пайғамбардың көзі тірісінде жүздесе алмайды. Сондықтан ол табиғиндердің ұлығы болып саналады. Түркі ислам дүниесінде, дәстүрлі қазақ қоғамында да төрт түлік малмен байланысты әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлылығын әйгілеп, ол кәсіптің әрқайсысының бастауында рухани ұстаз, қасиетті пір тұрғандығына сенген. Сондықтан ол кәсіпке адалдықты насихаттап, сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеген.

Сиыр атасы - Зенгі баба

Сиырдың пірі - Зеңгі баба. Бұлда нақты өмірде болған адам. Зеңгі баба - Тәжіқожа -Әбдімәлік ата - Шайх Мансур - Арыслан баб болып қосылатын Шәуілдірде жатқан атақты Арыслан бабтың ұрпағы. Қожалар шежіресінің бір білермені З.Жандарбектің айтуынша Арыслан баб Қарахандық әулеттен болуы керек. Халық ауыз әдебиетінде Зеңгі баба өмірін сиыр бағумен өткізген, сопылық ілімнің жетекші ғалымдарының бірі, Түркілер арасында пір болған Сайд Ата, Садыр Ата, Бадыр Ата, Ұзын Хасан Ата атты ұлықтардың пірі болған адам. Мазары Ташкент қаласының түбінде. Өзбекстанда «Зеңгі ата» атында аудан бар. Жоғарыдағы Ойсылқара секілді бұл бабамызда сиыр малының білермені, маманы, иесі демек киесі болуы керек.

Қой атасы – Шопан ата

Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Иасауи  тариқатының басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ  мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі малшылыққа байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі Шопан ата Ол Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы ретінде тарихи тұлға болса да халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталды. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған. Шопан ата - деген бір қасиетті адамның мазары Маңғыстауда бар, қазірше «Шопан ата» аз зерттелген. Халық Шопан атаны қойдың пірі дейді. Бірақ бұл шын мәнінде Маңғыстауда жатқан Шопан атамызба, болмаса басқа Шопан ата бар ма ол жағы нақты зертеуді қажет етеді.

Ешкі атасы – Сек-сек ата

Ешкінің пірі Сек-сек ата деп жатады халық. Оңтүстік Қазақстан, Сарыағаш ауданының көлемінде «Сөк-Сөк ата» деген бір халық көп баратын жер бар. Шежірелік дерек бойынша «Сөк-Сөк ата» Қазығұрт тауының бір сілемі Қаржан тауының баурындағы Тұрбат деген жерге жерленген Исмайыл атаның баласы. Шын мәнінде Сек-сек атаның қай жерде екені белгісіз. Ертеде Өзбекстанның көлеміндегі «Сексен ата» деген жайды Сек-сек ата екен деген сөз болатын, бірақ бұл сөз соңғы кезде айтылып жүрген жоқ.

Жоғарыда атап өткен төрт түліктің пірлерінің ішінде анық «Зеңгі ата» қожа тұқымынан. Маңғыстаудағы Шопан ата қожа тұқымы бірақ қойдың пірі осы «Шопан ата» деп нақты айта алмаймыз. Ислам діні келмей тұрыпта бұл жерде халық өмір сүрген. Олардың өз арасынан шыққан қасиетті Әзіздері болған. Кез келген мәдениет діннің ықпалында дамыйды. Халықтың мәдени өміріндегі барлық тұрмыстық рәсімдер мен қолданбалы іс әрекеттер де осы халықтың тұтынған дінінің талаптарына бейімделеді. Сондықтан                 13-ғасырдан артық Түркілер арасында қызмет етіп келе жатқан ислам дініде халықтың санасына сіңіп, өшпейтін із қалдырған.
0 дауыс
равгопарсолпипгаоалсопроапми
0 дауыс
Түйе-ойсыл кара

Жылқы-
...