+1 дауыс
2.6k көрілді
Хиросима мен  Нагасаки туралы ақпарат керек?
Соны Интернеттен тауып алуға болады ғой ))

2 жауап

+1 дауыс

1945 жылдың 6 тамызы (Екінші дүниежүзілік соғыс кезі). АҚШ-тың B-29 бомбалаушы ұшағы әлемде алғаш жасалған атом бомбасын Жапонияның Хиросима қаласына тастайды. Жарылыс қаланың 90 пайызына әсер етіп, бірден 80 000 адамды өлтіреді. Одан өзге мыңдаған адам радиоактивті сәуленің әсерінен өмірден өтеді. Үш күннен кейін B-29 екінші атом бомбасын Нагасаки қаласына лақтырып, 40 000 адамды бірден мерт қылады. Жапония императоры сол жылы 15 тамыз күні бомбалаудың әсерінен жапон халқының қырылуының алдын алу мақсатында Жапонияның соғыста қарсылықсыз тізе бүккенін жариялайды.

ЖАПОНДАРҒА АЯУШЫЛЫҚ ТАНЫТПАЙМЫЗ

Ал ядролық қаруды соғыста қолдануға шығарғанға дейін одақтас елдер немістерді жеңіп үлгерген болатын. Немістердің айқын шегінуі байқалғанымен, олардың жақтасы Жапония соңына дейін соғыс алаңынан кетпеуді ұйғарған еді. Осы биік номенклатуралық мақсатпен жапондар Тынық мұхитты толық өз билігіне қаратып үлгергендіктен, атом бомбасының бағыты айқындала түседі. Үлкен апат пен аяусыз қырып-жоюдың болатыны туралы Потсдам Декларациясында айтылса да, жапондар тырп етпей аймақтағы беделін арттырумен айналыса береді.

Генерал Дуглас Макартур және басқа да әскербасылар жапондарды «оперативті түрде жою» жарлығымен бомбалауды жалғастыра береді. Дегенмен, осындай әскери әуе шабуылының нәтижесінде 1 миллионға жуық америкалық мерт болады. Сол себепті, Президент Трумэн соғысты жылдам аяқтау мақсатында ядролық қаруды қолдануға рұқсат береді. Президент Трумэн мен бас хатшы Генри Стимсон бұл тарихи қадамның соғысты аяқтап қана қоймай, АҚШ-тың әлемдегі беделін одан әрі асыратынына сенімді еді.

 

«КІШКЕНЕ БАЛА» МЕН «ТОЛЫҚ АДАМ»

350 000 тұрғыны бар Хиросима қаласы Токиоға ең жақын өндіріс орталығы болғандықтан, бірінші болып тізімге енеді. Полковник Пол Тиббетс басқарған B-29 ұшағы «Кішкене бала» деп аталатын атом бомбасын таңғы сағат 8:15-те Хиросимаға тастайды.

"Кішкене бала"

"Толық адам"

Хиросиманың қаңырап қалуы жапондар тарапынан ешқандай әрекет тудырмағандықтан, 9 тамыз күні майор Чарльз Свини басқарған ұшақ нысанаға алынған екінші қала Нагасакиге бағытталып ұшырылады. Таңғы сағат 11:02-де Нагасакидің де күлі көкке ұшады. «Толық адам» деп аталған плутонды бомба біріншісіне қарағанда әлдеқайда қуатты болып,  22 килотонна жарылысты тудыра алатын еді.

1945 жылы 15 ақпан күні (жапондардың уақыт белдеуі бойынша) император Хирохито Жапонияның капитуляцияға қол қоятындығын жариялайды.  Ресми келісім мен пактке қол қою Токио шығанағына зәкірін тастаған Миссури (америкалық ұшақ тасымалдаушы) кемесінде 2 қыркүйекте болады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Хиросиманың көп бөлігі қайта қалпына келтірілгенімен, бір бөлігі ғана атом бомбасынан келген апатты ұмытпау мақсатында қалдырылған. Әр жылы 6 тамыз күні мыңдаған адам Peace Memorial саябағында жиналып, қолдан жасалған апаттың құрбандарын еске алады.

+1 дауыс
Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастау— Екінші  дүниежүзілік соғыс барысында АҚШтың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы. 1945 жылы 26 шілдеде Ұлыбритания, АҚШ және Қытай үкіметі басшыларының атынан Жапонияға тізе бүгу талабы қойылған Подстам декларациясы жарияланды. Осыдан кейін АҚШ авиациясы 1945 жылы 6 тамызда Жапонияның Хиросима қаласына бірінші атом бомбасын тастады. Қаланың елеулі бөлігі қирап, 140 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты, жарымжан болды. 1945 жылы 9 тамызда Нагасаки қаласына екінші атом бомбасы тасталды. Оның жарылысынан қаланың бөлігі қирап, 75 мыңдай адам қаза тапты, жараланды. Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастау соғыс талаптарынан, мұқтаждығынан туған әрекет емес еді. Бұны адамзатқа қарсы жасалған ауыр қылмыстардың қатарына жатқызуға болады және басқа халықтар мен мемлекеттерді қорқыту мақсатын көздеген әрекет саналады.
...