–2 дауыс
2.7k көрілді
Энштейн кім толық ақпарат керек еді?
Шынымен де білгің келсе, Гугл не Яндекс бар емес пе?

4 жауап

+1 дауыс

Альберт Эйнштейн

Туған күні:
14  наурыз 1879
Туған жері:
Германия, Ульм қаласы.

Қайтыс болған күні:
18 сәуір 1955 (76 жас)

Қайтыс болған жері:
АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон.

Азаматтығы:
(1879—1896, 1914—1933)
апатрид (1896—1901)
( 1901 бастап)
(1940—1955)

Ғылыми аясы:
Теориялық физика.

Жұмыс орны:
Берндегіпатенттік бюро/
Цюрих университеті/
Карл университеті/
Кайзер Вильгельм атындағы институты/
Лейден университеті/
Іргелі зерттеулер институты.

Альма-матер:
Цюрих жоғарғы техникалық мектебі.

Несімен белгілі:
Арнайы және жалпы салыстырмалылық теориясын жасады.

Марапаттары:
Нобель  сыйлығы

Альберт Эйнштейн — теориялық  физиканыңнегіз қалаушылардың бірі, 1921жылғы Нобель  сыйлығыныңиегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРОҒылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.
Эйнштейннің басты еңбегі — ” Салыстырмалылық  теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар  философиясыжәне публицистикасаласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теориялардыжасады:
*.Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).
*. Жылу  сыйымдылығыныңжәне фотоэффект кванттық теориясы
*. Бозе Эйнштейнкванттық статистика.
*.Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.


Энштейн 14 жаста

14 жасынан Швейцариядатұрған. Цюрихтегіполитехникумды бітіргеннен кейін (1900) орта мектепте сабақ берді, кейін патент бюросында эксперт (1902 – 1909) болып қызмет атқарды. 1909 – 1911 жылы Цюрих университетінде, 1911 – 1912 жылы ПрагадағыНеміс университетінде, 1912 – 1913 жылы Цюрихтегі политехникумда профессор болды. Пруссия ҒА-на сайланғаннан кейін (1913) Берлингекөшіп келді (1914). Мұнда ол 1933 жылға дейін тұрды. 1933 жылдан өмірінің ақырына дейін Принстондағы (АҚШ) Іргелі зерттеулер институтының профессоры болып жұмыс істеді.
0 дауыс
Жылдар жылжыған сайын биіктей беретін ғасыр адамдарының бірі - данышпан Альберт Эйнштейн 1879 жылдың 14 наурызында кедей еврей отбасында дүниеге келді. Алғашқы білімін Мюнхендегі католиктік шіркеуде алды. Бұл мектепте оған барынша діни түсініктерді таңуға тырысса да, оның кейін ғылыми кітаптарға ынтызары ауып, ақыры ғылым жолына бет бұрады.

Гимназияда оқып жүрген кезде, Альберт қиын оқушылар қатарына жатқызылып, оның тәртібі туралы мұғалімдер арасында көп әңгіме жүрді. Мұғалімдермен пікірталастыруға бейім тұратын ол математика мен латын тілі пәнінен басқа сабақтарға салғырт қарап, жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей оқыған.

Осылайша, болашақ ғалым 1895 жылы Цюрихтегі Политехникумге оқуға түсуге әрекет жасап көреді. Дегенмен, сол жолы бағы жанбай қалып, оқу табалдырығын аттай алмайды. Келесі жылы қайта бағын сынап, сол жерде білім алуға кіріседі. Ғылым мен техникаға бейім Альбертке бұл жер әлбетте, ұнады. Білім ала жүріп, осы оқу орнында өзінің болашақ жары Марич Милевамен танысады.

Оқуын аяқтаған соң, Альберт біраз уақыт бойы тұрақты жұмыс орнын таба алмай әуреге түссе де, өзінің ғылыми ізденістерін тоқтатпай, жалғастыра береді. Осылайша, 1901 жылы өзінің алғашқы "Капилярлылық теориясының салдары" атты мақаласын жариялайды. Тура төрт жылдан соң, 1905 жылы барлығымызға аян салыстырмалылық теориясы жұртшылыққа таныстырылады. Осы жылы Эйнштейннің 3 атышулы мақаласы жарық көреді. Бұл теория ол кезде "арнайы салыстырмалылық теориясы" деп аталған еді. 10 жыл өткен соң, жалпы салыстырмалылық теориясы пайда болып, барлығымызға белгілі күйге енді. Басқаша айтсақ, осы жылдары Энштейн бүкіл ғылымды дүр сілкіндіріп, теориялық физиканың жаңа дәуірін бастап берді.

1921 жылы ғалым Нобель сыйлығына ие болады. Гитлер билік басына келгеннен кейін, 1933 жылы Германиядан біржола кетіп, АҚШ-қа көшеді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде дүние салады.

Оны білетін жұрт өте кішіпейіл, жайдары жан болғандығын айтады. Өте абыройлы ғалым болса да, өзінің де қателесуі мүмкін екендігін әрдайым мойындап, диалогтан еш қашпаған.
0 дауыс

Эйнштейн Альберт, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі,1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:

 

Толығырақ...

0 дауыс
Эйнштейн Альберт, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) –физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі.

Альберт Эйнштейн — теориялық физиканың негіз қалаушылардың бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының иегері, атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:

Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).
Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы
Бозе Эйнштейн кванттық статистика.
Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.
Толығырақ:http://kk.m.wikipedia.org/wiki/Альберт_Эйнштейн
...