+1 дауыс
Сақтарда ең көп тараған семсер түрі қалай аталады?
03.02.2015 9.3k қаралым

2 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Ақинақ– көне скиф, сақ, сармат жауынгерлері қолданған қанжар және қысқа семсер.

Ақинақ б.з.б. 5-3 ғасырда қолданылған. Оның ұзындығы 40-50 см, қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген. Көне ақинақтың балдағы бүршік, жүрек тәріздес болып келеді. Қыны ағаштан жасалып, терімен қапталып, қызыл түске боялған. Белге тағу үшін скиф ақинақтарында қынының ауыз тұсында бір құлағы, ал сақ, сармат ақинақтарында аузы мен түбінде бірдей қос-қостан құлағы болады. Ақинақ оң жаққа белдікке тағылып, қынының құлақтарындағы қайысбау арқылы оң санға байланған.

03.02.2015
+1 дауыс
Акинак деп аталады.
03.02.2015
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,991Қолданушы