0 дауыс
469 көрілді
Тарғытай деген кім?патша ма?

1 жауап

0 дауыс

Скиф патшасы Тарғытай және оның ұлдары
Скифтер Тарғытайдың шығу тегі жөнінде оның әкесі – Зевс, шешесі – теңіз патшасы Борисфеннің қызы Гестия дейді. Ертеде гректер Борисфен деп Днепр өзенін айтқан.
Тарғытайдың үш ұлы болған. Олардың аттары – Липоксай, Арпоксай және Қолақсай. Олар – үш скиф халқының бабалары.
Тарғытай патшалық құрған кезде скиф жеріне Көктен алтын заттар (Тәңірдің сәлемдемесі): соқы, мойынтұрық, айбалта және тостаған түседі. Бұл заттарды үлкен ағалары Липоксай бірінші болып көреді. Ол әлгі заттардың қасына барып жерден көтерейін десе, алтын лап ете түседі. Ол шегініп, енді ортаншы ұл Арпоксай жақындайды. Алтын тағы да от құшағына оранады. Лапылдап жанған алтынның ыстығы екі үлкен ағасын тоқтатып, тек үшінші, кенже ұл жақындағанда ғана жалыны өшеді. Ол заттарды өз үйіне апарадаы. Сол себептен ағалары патшалықты және соған қоса үлкендік жолыг інілеріне беруге келіседі.
Үлкен ұл Липоксайдан авхат деп аталатын скиф тайпасы өрбіген. Ортаншы ұл Арпоксайдан катиар және траспи халықтары, ал кішісі Қолақсайдан паралат тайпасы тарайды. Барлық тайпаларды бірге қосып, сколоттар, яғни патша адамдары деп атайды. Эллиндер (ежелгі гректер) оларды скифтер деген.

...