Сақтарда ең көп тараған семсер түрі қалай аталады?

+1 дауыс
9.2k қаралым
Сақтарда ең көп тараған семсер түрі қалай аталады?
• Санаты: Тарих сұрақтары | 9.2k қаралым

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Ақинақ– көне скиф, сақ, сармат жауынгерлері қолданған қанжар және қысқа семсер.

Ақинақ б.з.б. 5-3 ғасырда қолданылған. Оның ұзындығы 40-50 см, қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген. Көне ақинақтың балдағы бүршік, жүрек тәріздес болып келеді. Қыны ағаштан жасалып, терімен қапталып, қызыл түске боялған. Белге тағу үшін скиф ақинақтарында қынының ауыз тұсында бір құлағы, ал сақ, сармат ақинақтарында аузы мен түбінде бірдей қос-қостан құлағы болады. Ақинақ оң жаққа белдікке тағылып, қынының құлақтарындағы қайысбау арқылы оң санға байланған.

+1 дауыс
Акинак деп аталады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
20.04.2023 • Санаты: Жалпы сұрақ Ноян Хамзин сұрақ қойды
127,937 сұрақ
322,805 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы