Ия ол рас. Көз тиеді дегенге сенемін.
Менің 1973 ж апрельде туылған інім болды. Асқанбек деген. Әкемізбен анамызбен өте бақытты балалық шағымыз өтті. Асқанбек 6 қыздан кейінгі туылған ұл еді. Әкем автобазада "Еңбек озаты" медалын алған алдыңғы қатарлы шофер болып еңбек етті. Анамыз үйде баллармен отырды. Әкем ұлды болғанын естіп қатты қуанып жолаушы мінген қариядан Есімін қоюды өтінгенде айтқан екен: Е алты қырдан асып, ұл сүйіпсің Асқанбек қой есімін депті. Азан шақырып атын қойяды. Қырқынан шыққан соң мал сойып ағайын туысқа қуанып шілдехана той жасайды. Күндердің бір күнінде күзгі мезгілде 6 айдан соң уйге анамыздың абысыны қайнағасымен кіріп келеді. Біз той жасағаныңда келе алмадық деп. Анам байғұс жаны қалмай төрге шық деп күтіп алып тұрғанында Асқанбекті көріп бір ғана сөз айтыпты дейді. Ойбай балаң 1 жасар баладай ғой жүрем деп тұр депті. Ойында ештеме жоқ анамыз етін асып дастарханын жайып әңгімелесе отырып кеш бата шығарып салады қонақтарды. Сол сол екен бала емген сүтін құса береді. Іші өте береді. Анамыз түсінбейді. Әкеміз ертеңінде жол сапарға шығып кетіпті. Баланы емханаға апарып болғаннан кейін. Балаға суық тиген деп антибиотикті сала береді. Бала тамақ жұқпағаннан күн сайын арықтай береді, тіпті ине тығатын етіде қалмай 4 күнде сұлқ түсіп жатқанын көріп жылап сықтап емханадан алып қашып тәуіп әжеге апарады.Тәуіп әже баланың арқасын көріп, көз тимеген сұқтанған көзі көк, сары әйел өзің қатарлы депті. Егер сол әйелдің бір киімін немесе ұлтарағын көрсетпей алып келсең түтетіп сұқты қайтарамын депті. Бірақ сұқ денесінен өтіп кеткен депті. Тірі қалуы екіталай деген дейді. Уақыт өткізіп алғансың дұғамен қайтпайды депті. Анамыз баруын барған абысынының үйіне бірақ қипақтап бір киімін не болмаса ұлтарағын қиып ала алмай үйге бос қайтыпты. Тәуіп әжеге тағы барып оқытқан келесі күні яғни 7- ші түнде бала қайтыс болған. Міне осылай адамның сұқтанғанынан ата -анамыз ұзақ күткен ұлынан аяқ астында айрылып қалған. Тәуіптің айтуы бойынша сұқтан адам 7 күнде қайтыс болады деген. Көз тигеннен адам өлмейді, бірақ ұзақ ауыратын болады, баланың бағы байланады дейді. Анамыз көз тиеді дегенге сенбейтін кісі еді. Осыдан кейін сенетін болдым дейді. Міне басымыздан өткен оқиға осы. Асқанбектен кейін анамыздан Құдайдың берген 1 сіңліміз жане ең кенжеміз ініміз бар. Ең кеже ініміз туылғандада көз тиіп ауырғанда сол тәуіп әжеміз "Ұлыңды 7 дасқа дейін бар деп елеме, күннің көзіне, желдің өтіне шығар ма, той томалақ жасап, көпке көрсетпе деп ақылын айтқан дейді. Міне осындайдан кейін қалай сенбейсің тілге, көзге, сұққа.