0 дауыс
27.4k көрілді
мен астанада турамын . маган 2 жылдан кейин  18 болады. мен армияга бармау ушин не истеуим керек?
Себеп айтшы барғың келмейтін.

16 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жыл сайын Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы барлық жас жігіттер шақырылады. Әскери қызмет және Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың  парызы мен міндеті болып табылады. Алайда бозбаланың әскерден уақытша және тұрақты негізде босатыла алатын бірқатар жағдайлар бар («Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес). Егер соңғысы азаматты әскери қызметтен толық босатуды болжаса, мерзімін кейінге қалдыру – бұл белгілі бір жағдайлар бойынша әскери қызметке шақыру мерзімін уақытша ауыстыру.

Әскери (әскерден) қызметтен босату

Алдымен Қазақстандағы әскери тәртіп бірнеше бағыттарға бөлінетінін атап өтейік:

мерзімді әскери қызмет (18-27 жастағы жігіттер үшін 12 ай мерзімге);
запастағы офицерлер қызметі (29 жасқа дейінгі жігіттер үшін 24 ай мерзімге);
келісімшарт бойынша әскери қызмет (келісімшартта көрсетілген мерзімге сәйкес);

әскери жиындар (әскери міндеттілер үшін 2 аптадан үш айға дейінгі мерзімде). 

Әскерге шақыру жылына 2 рет жүзеге асырылады: сәуірден маусымға дейін және қазаннан желтоқсанға дейін.

Азаматтар әскерде қызмет етуден әскерге шақырылу немесе әскери жиындар кезінде босатылуы мүмкін.

Бейбіт уақытта әскерге шақырудан мынадай азаматтар босатылуы мүмкін:

денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар;

Қазіргі уақытта соған сәйкес азаматтар әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылуы көзделген аурулар тізімі көзделген. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша дәрігер маман мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:

"А" – әскери қызметке жарамды;
"Б" – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды;
"В" – әскери қызметке шектеулі жарамды;
"Г" – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
"Д" – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
"Е" – әскери есептен басқа әскери қызметке жарамды емес.

27 жасқа толғандар;

Аталмыш тармаққа жатпайтын ерекшелік бар екенін атап өтеміз: әскери шақыруға 29 жастағы запастағы офицерлер жатады.

туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандар;

басқа мемлекетте әскери қызмет өткерген;
оқу туралы растау құжаттарын ұсынуда доктор ғылыми дәрежесі барлар;
діни бірлестіктерде тіркелген дін жолындағы адамдар.

Бейбіт уақытта әскери жиындарға шақырудан босатылады:

қорғанысты, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдарда мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін азаматтар;
мемлекеттік, азаматтық және тәжірибелік авиацияның авиация персоналы;

егін және жинау жұмыстары кезінде ауылшаруашылық техникасын жөндеу ұйымдарында және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтар;

оқу жылы кезінде күндізгі оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарының педагогика қызметкерлері;
күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
әскери міндетті әйелдер;
әскери міндеттілер запастан шығарылғаннан кейін 2 жыл ішінде;
18 жасқа толмаған 3 және одан да артық балалары бар азаматтар;

оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;

Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары немесе жергілікті өкілдік органдар сайлаған әскери міндеттілер.
соттылығы бар азаматтар.

Егер әскери қызметке шақыру бейбіт уақытта жүзеге асырылса, онда денсаулық жағдайы бойынша ғана әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар ғана босатылады.

 

Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру

Жоғарыда айтылып өткендей, әскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру.

Мерзімін кейінге қалдыру мынадай жағдайлар бойынша ұсынылады: 

отбасы жағдайлары бойынша;
білім алуды жалғастыру үшін;
денсаулық жағдайы бойынша;
басқа да себептер бойынша.

Отбасы жағдайлары бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдыру мынадай азаматтарға ұсынылады:

басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, сондай-ақ жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.

Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi: 

әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;

ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері ;

әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);

өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын 1 және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi);

І немесе ІІ топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа 18 жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;

өзiнiң асырауында   анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары);
1 және одан да артық балалары бар некеде тұратын азаматтар.

Білім беру ұйымдарында оқып жатқан кезде әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру  мынадай азаматтарға ұсынылады:

білім ұйымдарында жалпы орта білім алатын азаматтарға;

тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарында білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте;

 жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға;

Білімін жалғастыру себебі бойынша кейінге қалдырылған азаматтар, білім алу кезінде ғана кейінге қалдырылады.

Денсаулық жағдайы бойынша шақыру мерзімін кейінге қалдыру шақыру комиссиясының шешімімен 1 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады.

Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

ауылдық жерде орналасқан білiм беру ұйымдарының орта білімнен кейінгі немесе жоғары педагогтік білiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн оқытушыларына;
тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына
оларға қатысты алдын ала тергеу немесе қылмыстық істер жүргізілетін адамдарға;
тиісті білімі бар кеме экипаждарының мүшелеріне беріледі.

Бұл жағдайда мерзімін кейінге қалдыру жұмыстың барлық кезеңіне беріледі, ал қылмыстық іс жағдайында – сот шешімі бойынша тергеу аяқталғанға дейін ұсынылады.

Азамат әскерге жарамды/жарамсыз деп танылатын аурулар тізімі

Аурулар тізімін осы сілтеме бойынша өтіп,  қарай аласыз.

Кестеде пайдаланылатын атаулардың қысқаша сипаттамасы

Азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаттары

I баған – шақыру учаскелеріне тіркеудегі азаматтың жарамдылық санаты;
II баған – мерзімді әскери қызметке шақырудағы азаматтың, мерзімді әскери қызметтен өтетін әскери қызметкерлердің жарамдылық санаты;
III баған – офицерлік шені бар әскери қызметкерлер және келісімшарт бойынша әскери қызметтен өтетін әскери қызметкерлердің жарамдылық санаты;
IV баған – арнайы құрылыстарда әскери қызметтен өтетін, радиоактивті заттармен жұмыс істейтін әскери қызметкерлердің жарамдылық санаты.

Денсаулық жағдайы бойынша талапқа қосымша атаулар:

РВ – радиобелсенді заттар;
КРТ – ракеталық отын компоненттері;
СИК – сәулеленудің иондаушы көздері;
ЭМӨ – электромагнитті өріс, оптикалық квантты генераторлар;
ӘТК -  Әскери теңіз күштерінің әскери қызметкерлері;
ЖЕ – Қарулы күштер әскерінің түрлеріндегі әскери қызметке жарамсыз;
ИНД – Қарулы күштер әскерлерінің түрлерінде, басқа әскерлерде және Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарындағы әскери қызметке жарамдылығы.

Аурулар тізімін осы сілтеме бойынша өтіп,  қарай аласыз. Сілтемеңіз қайда?
0 дауыс
Онда үйлен.Балалы-шағалы бол.Сонда ғана сені Армиядан босатат.
0 дауыс
Юбка ки                                                                                    .
Юбкісімен әскерге жіберсе... )))
0 дауыс
Салмақ тастап арықтап жібер.
+4 дауыс
Мұндай сұрақ қойғаныңа ұялып отырғаным
–1 дауыс
Біреулер әскерге бара алмай жүрсе!
0 дауыс
Әскерге бармау үшін зой ұсынған тізімдегі бармау шараларында бар болсаң, немесе бармауға болмайтын жағдай болса қазір 1айлық,3айлық әскер бар. Соған барсаң болады және оған біраз ақша кетеді.
Қанша ақша?
0 дауыс
Барғаның дұрыс, үйіңде ағаң-інің болса, жағдайларың бар болса, барғаның жөн.
кеңесінізге рахмет
+1 дауыс
Армияға бару қажет бiр арманың кем болады. Мен армияға бармағам, себебi бұғанам сынған кезде военкоматқа шақырды, тiгiлген орынды көрiп жарамсыз деп жiбердi, жас едiм немесе ақша берiп болсын жарамды қылуға болар едi, бiлмей қалдық, қай категориясына жатқызғанында бiлмеймiн, көңiлiм қалып кеттi. Ұланға баратын жiгiт едiм iшiм ашыйды...
0 дауыс
Ишки истрер минисирлигинде учетта турган баланы аскерое алама
0 дауыс
Әскери билет сатып аласың барғың келмесе.
0 дауыс
Көгілдірлерді алмайды екен деп естідім.
0 дауыс
сәлеметсіздерме менің атым Едил Батыр жасым 18де өз еркіммен әскерге барғым келеді ол үшін не істеу керек қандай құжаттар жинау керек
0 дауыс
Уйнде жалгыз болган балалар барама армияга
0 дауыс
Қазіргі кезде əскерге барып қорлық көріпті н/е табытпен оралыпты деген хабарлар жиі айтылып жатыр, мұны естіген ата-аналар өз баласының əскерге баруына қарсы.(яғни əскерде тəртіпті реттеу керек)!
...