Отбасы жағдайлары бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдыру мынадай азаматтарға ұсынылады:
басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, сондай-ақ жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.
Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:
әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
ата-анасы болмаған жағдайда, І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері ;
әскерге шақырылушыдан басқа І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын немесе 18 жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы/әкесi;
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын 1 және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi);
І немесе ІІ топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа 18 жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;;
Отбасы мүшелерінің біреуі мүгедек және шақырылушы жалғыз ер бала болса;
өзiнiң асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтар;
ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сотпен бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтар;
некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтар болып табылады.