0 дауыс
61.4k көрілді

Үйленгендер ақыл-кеңестерін айта кетсе. Жас жұбайлар отау құрғаннан кейін, неке түні нені ескеру керек?

Неке түні

Қай ғаламшардан келдің?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Неке түні сен келіншегіңнің алдында нағыз батыр екеніңді дәлелдейсін. Қамалды қинамай бұзып кіріп қып қызыл гүлді алып шығу керек.
+1 дауыс
Қызық екенсің,тазалық бірінші сасымай!
+3 дауыс
Тойдан түскен ақшаны қайда жұмсауды ақылдаса білу керек.
+1 дауыс

Ар тазалығы отбасы берiктiгiне де себепкер болған. Халқымызда отбасында айрылысу, баланы тiрi жетiм ету дегеннiң болмауына да осы ар тазалығы үлкен әсер еткен.

Жаным – арымның садағасы. Қазақ халқы неке тазалығына, қалыңдықтың арын сақтап, қыздың қасиетiн жоғары ұстауына өте зор мән берген. «Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын» деп, ата-бабаларымыз қыздың абыройын бүкiл ауыл-аймақ болып қорғаған.

     Алғашқы неке түні жігіт пен жас келінді жеке бөлмеге кіргізіп, өздеріне төсек салып, алаңсыз, жайлы жатуына жағдай жасайтын әйел әдетте жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға бақыт тілеумен бірге, әзіл-қалжыңын араластыра жүріп, әдет-ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің пәктігіне де осы жеңге куәлік береді. Мұндай сәт әдепті, үлгілі, үлкен-кіші бірдей сыйлайтын, бала-шағалы келіндерге ғана тапсырылады. Бұл күн жұптық, некелік өмірдің ұмытылмас сәттерінің бірі. Бұл үшін барлық өнері мен қабілетін жұмсайтын жақсы жеңге келер таңды асыға күтіп, қайнысының жылы төсектен тұрған сәтін күтіп тұрып, «ерінің жібіттім, қойныңды жылыттым, енді жолдығымды бер»- деп назданады. Жөн білетін қайнысы жеңгесі риза болатындай «жолдығын» беріп, ерлі-зайыптының алғашқы таңын күліп қарсы алады. «Жолдықтың» жолы бөлек. Сондықтан оған аталатын кәде де толымды әрі бағалы болады.

Неке тазалығы – болашақ шаңырақты  қолайсыз жағдайда қалдырмау үшiн бойжеткен қыздарды жеңгелерi үнемi қорғап жүрген. Айт пен тойға бiрге барып, жалғыз жiбермейтiн болған. Ар тазалығы үшiн күрестi жоғары санаған ата-бабаларымыз «қыз қылығымен» деп, әдептi, инабатты, арлы болуын қалаған.

Қазiргi күнде де неке тазалығы – болашақ шаңырақтың берiктiгiнiң, татулығының ұйтқысы, жұбайлардың нәпсiқұмарлыққа салынуға имандылық жағынан да, әлеуметтiк жағынан да хақы жоқ, ал кездейсоқ кездесулер – ол гигиеналық тұрғыдан өте қауiптi. Ол түрлi жұқпалы ауруларға соқтықтыруы да мүмкiн.

Бойжеткен қыз қызығы мол бал дәуренмен қоштасып, ақ босаға аттап, шымылдық ішінде өткен алғашқы түннің маңызын орынды бағалай білгені жөн. Өйткені шымылдыққа тағылған үкінің өмір бойы қисаймауына екі жас та бірдей жауапты болуға тиіс. Шаңырақ көтерген отбасының тарихы осы бірінші түннен басталады. Ендеше, бұл түн некелері қиылып жаңадан үй болған ерлі-зайыпты екі жастың бір-бірімен ең алғаш жақындасатын түні. Бұл – қыз үшін бейтаныс жаңа дүниенің есігін ашу. Оның болашақ жан серігінің алдында абыройының және ар-намысының тазалығын паш ететін түні. Алғашқы түн жастардың болашақ өмірінің өте бір жауапты сәті.

Халқымыз қалыңдықтың қыз күйінде, таза, абыройлы келуіне көп мән берген. Алғашқы неке түні қыздың астына «неке жаулық» деп аталатын жайма төсеген. Ертеңінде күйеу ұйқыдан оянып, төсектен тұрып кетісімен екі жеңгетай киіз үйге кіріп, ақ жайманы тексерген, қыздың тазалығының белгісін тапса, оның шешесінен сүйінші алып, бұл хабарды бүкіл ауылға таратқан. Қыз абыройының, ар-намысының тазалығы – пәктігінің белгісі. Егер қалыңдық күйеуге дейін біреумен көңіл қосып қойып, алғашқы неке түні таза болмай шықса, күйеу бұл жайды жеңгетайларға хабарлап, олар жайсыз хабарды қалыңдықтың анасына жеткізген. Сосын анасының: «бетіме күйе жағып, елге қарамастай қылдың» деген сәлемін қызына айтып барған. Содан кейін олар қыз абыройын төккен жазықтыны іздеп тауып, билердің алдына жыққан. Қызды бүлдіруші күйеуге бір тоғыз айып төлемей құтылмайды. Қыздың әкесі «қызға қырық үйден тыйым салмадың» деп әйелін сабаса, күйеу қалыңдығының кінәсін айтып, қыз әкесіне кісі салған.

Егер некелескен қыз ұятты болып шықса, қазақтар оны масқаралап, бетіне күйе жағып, өгізге теріс отырғызып, тесік қазан мен шүмегі сынған шәугім ұстатып, еліне қайтара отырып, қалыңмалын қайтарып алатын болған. Өйткені пәк күйінде тұрмысқа шықпаған қыздан «әйел – үйдің шегесі» дейтіндей мықты отанасы болуды талап ету де қиын тірлік екенін білген. «Қайтып келген қыз жаман» деп, қызының қайтып келгеніне арланып, жұртқа қарамай, бетін басатын.

Немесе мыннан оқып көр.

Ұқсас сұрақтар

...