+1 дауыс
640 көрілді
Сақтанушының негізгі міндеттері қандай?

1 жауап

0 дауыс

Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес сақтанушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілген әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (көлік құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы өтінішке енгізу үшін қажетті мәліметтерді және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсынуға; сақтандыру сыйлықақыларын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге; көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап кідіріссіз, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қолдан келетін тәсілмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан цақтандырушыға хабарлауға міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуға тиіс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болып табылмайтын жағдайларда, көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөніндегі міндет сақтандырылушыға жүктеледі. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиіс; көлік оқиғасы болған кезде жәбірленушілерге және жол полициясы қызметкерлеріне көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерін хабарлауға; көлік оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетін шараларды, оның ішінде зардап шеккен адамдардың мүлкін құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға; көлік оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға және ұйымдарға олардың құзыретіне орай (ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелеріне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметіне, авариямен күрес қызметіне) хабарлауға; көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге; сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап кідіріссіз, бірақ екі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы жәбірленушіге хабарлауға; сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.

...