0 дауыс
12.8k көрілді
Жырау мен ақынның айырмашылығы бар ма? Жырау кім?

3 жауап

0 дауыс

Ақындар мен жыраулардың бір-бірінен айырмашылығы кейде олардың шығармашылығындағы көркемдік болса, кейде олардың туындыларындағы ой ұшқырлығы мен ой тереңдігінде жатады. Ал, көркемдік пен ойды ұштастыра білген ақын, ойшыл ақын мәртебеге қол жеткізеді. Халықтың жүрегі мен санасында ұзағырақ өмір сүру діңгегі ақын не жыраудың ой-өрісінде жататыны да адамзат тарихынан мәлім. толығырақ

0 дауыс
«Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет»

Сыпыра жырау:

Көп ішінде сөйлесем,

Жас жігіт саған қарасам –

Қара лашын тұйығынсын

Асылыңа қарасам –

Құс алатын қырғисың

Қызыл тілге келгенде

Сар садақтың оғындай

Көлденеңдеп сырғисың

Көрмегеннен сұраймын,

Асылыңды білдірші

Қай ұлыс елдің, жарқыным?!

Сөзді жұптап, түйдектеп

Бәйге атындай шұлғисың!

Доспамбет жырау:

Арғымаққа от тиді,

Қыл мықынның түбінен.

Аймедетке оқ тиді,

Отыз екі омыртқаның буынынан,

Зырлап аққан қара қан

Тыйылмады жонның уақ тамырынан.

Сақ етер тиді саныма

Сақсырым толды қаныма

Таза, мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады.
Қателеспеңіз, соңғы жыр Асан қайғының айтқаны
+1 дауыс
Өз ойымды айтайын, Жыраулар қазіргі тілмен айтқанда ораторлар (айтатынын сол жерде айтып тастап, мәселені шешіп тастайтын), тіпті кейде парламентерлардың да рөлін атқарған, Мысалы соңғы жырау Жамбыл мен ақындардың өлеңдерін салыстырып қара. (мен өзім Жамбылды соңғы жырау деп есептеймін)

Жалпы жыраулар поэзиясын түсіну қиын, жете түсінбеймін (әрине бір құдірет бар екенін білемін), Бірақ Абайдың өзі түсінбей кеткен ғой. Өзімнің сүйікті жырауым Махамбет
...