0 дауыс
1.6k көрілді

Бұқар жыраудың нақыл сөздері, мақал мәтелдерін, өмір баянын тауып бересіздер ме?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұқар жырау нақыл сөздері

Азамат ердің баласы,
Атадан алтау тумас па?
Атадан алтау туғанмен,
Ішінде оның біреуі,
Арыстаны болмас па?
-дейді ол.

Етекті кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас.
Қараша торғай қаз болмас,
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан болмай,боз болмас
Іштен қыңыр туғандар,
Тезге салса түзелмес.
Ежелгі дос жау болмас.

Қатын алма төреден.
Қатын алсаң төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы мал жанды.
Төре берер ұл туса
Аузы кетпес парадан.

Ақсаған құлан қадірін,
Айдалада қақ білер.
Төс айылдың батқанын
Иесі білмес, ат білер.
Ер жігіттің қадірін,
Ағайын білмес, жат білер.
Жорық жолы болуын
Қария білмес, сәт білер.

Жал, құйрыға қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз!
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас.

Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес.

Ағайынның аразы- 
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы-
Ауыл сәнін кетірер
-деген нақылы қазақтың:
Абысын тату болса ас көп,
Ағайы тату болса ат көп.

Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер
-деген афоризмі халықтың:
Жақсыға ерсең жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең қаларсың ұятқа 

Мырзалық қонаққа пайда, малға қас
Батырлық жолдасқа пайда, жанға қас
Өтірік о дағы пайда, иманға қас
Өткір пышақ қолға пайда, қынға қас.

Өтірік пышақ қынға қас,
Өтірік сөз жанға қас.

Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиын жоқ 

Қариясы кімнің бар болса-
Жазулы тұрған хат болар.

Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас

Сыйлай бергін көнені
Сыйламаған күң қылар 
Өзін тапқан енені 
және 
Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер,
Күндердің күні болғанда 
Кімдер де кімнің белі бүгілмес

+1 дауыс

Бұқар Жыраудың өмірбаяны.

0 дауыс

http://baq.kz/kk/history/168

Ұқсас сұрақтар

...