0 дауыс
10.9k көрілді
Уйде құймақ қалай істеуге болады?
Жауабы табылды ма сұрағыңның?
Белгісіз
құймақтың да түр түрі болады ғой , біреулер оладьиді көрсетіпті, біреулер блиныды көрсетіпті, мүмкін сізге кәдімгі қазақтың құймағы керек шығар.

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Құймақ/Панкейк

Құрамы:

Ұн - 1 1/2 стақан
Қамыр қопсытқыш - 2 шай қасық
Тұз - 1/2 шай қасық
Қант - 1 ас қасық
Айран (сүт) - 1 стақан
Жұмыртқа - 1 үлкен (немесе 2 кішкентай)
Сары май - 3 ас қасық
Бал, сары май, жидектер - дайын құймаққа ұсынуға

Толық жасалу жолы -->>http://www.gourmania.kz/2014/05/pancakes.html

0 дауыс
Жұмырқа,тұз,сүт,үн мен аралстырып қуырасың.
0 дауыс
Құймақтың ең оңай және тез жасалу жолымен танысып өтіңіз.

Құрамы:

*.2 жұмыртқа;

*.2 стақан сүт;

*.1,5-2 стақан ұн;

*.2 ас қасық қант;

*.0,5 шай қасық тұз;

*.0,5 шай қасық ас содасы;

*.2 ас қасық сұйық май.

Миксердің көмегімен жұмыртқа мен қантты  араластырамыз.

\

Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз.

Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз.

Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Керек болса ұнды көрсетілген мөлшерден аз, не көп қосыңыз.

Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз.

Майды қағаз майлығымен таба бетіне жағамыз.

Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз.

Оған дөңгелек пішінін беруге тырысамыз.

Екінші бетіне аударамыз.
+2 дауыс

Ірімшік(сыр) және көк қосылған құймақ

Керекті азық- түлік:

Сүт-1,5 стакан
Жұмыртқа-2
Ұн-1 стакан
Ірімшік(сыр)-150гр.
Тұз-1 шай қасық
Қант- 1 шай қасық
Қамыр көтергіш(разрых.теста)- 1 шай.қ
Шағу май-2 ас қасық
Аскөк қалауыңызша

Дайындалу тәсілі:

Жылы сүтке жұмыртқа, қант, тұз салып араластырамыз.
Ұнды илеуіштен өткізіп қамыр қопсытқышты саламыз.
Ірімшік(сыр) үккіштен өткізіп қоймалжың қамырға саламыз.
Сосын шағу май мен аскөкті уақтап турап саламыз.
Жақсылап бәрін араластырамыз. 
Табаға май жағып екі жағын қуырамыз.
Құймағымыз дайын.

+2 дауыс

Сүзбе қосылған дәмді құймақ

Құймақ жасау үшін бізге қажет болады:

Жұмыртқа — 3 дана
Қант — 2 шәй қасық
Ас содасы — 0,5 шәй қасық
Тұз — 1 шәй қасық
Сүт (аздап су қоссаңыз құймақ тез күйіп кетпейді)
Ұн
Сұйық май — 1 ас қасық
Сүзбе
Қаймақ
Сары май
Дайындалу әдісі: 

Тостағанға жұмыртқа, қант, ас содасы, тұзды салып әбдан миксермен араластырамыз. Артынан сүт/су құйып тағы араластырып, ұн қосамыз. Барлығын бір қалыпты массаға келтіргеннен соң бір ас қасық сұйық май қосамыз.

Дайын болған сұйықтықты қызып тұрған табаға ас қасықпен құйып, төмендегі суреттегідей кішігірім құймақ жасаймыз.

Таба қызғанда бір шәй қасық сұйық май қосып жібергеніңіз абзал!
Дәмді құймақ

Құймақтардың барлығына сары май жағып шығамыз. Артынан сүзбені аздаған қаймақпен және қантпен араластырып, құймақтардың арасына саламыз.

Дәмді құймақ

Асыңыз дәмді болсын!

...