+3 дауыс
875 көрілді

Қазақ елінің боксшысы Қанат Исламның бокс кештерін неге қазақ телеарналарынан көрсетпейді.Мысалы:Қазақстан, Қазспорт деген телеарналардан.Геннадий Головкин бокс кештерін Қазақ каналдары жарыса көрсетеді? Ресей телеарналары да өз боксшыларының жекпе-жектерін қалдырмай көрсетуге тырысады.Қазіргі кезде боксты жақсы көретін адамдар көп.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Біздің кәсіпқой бокстың құрылымы туралы толық білмеуіміз түрлі түсініспеушілікке әкелуде. Мысалы, Қанат Исламның соңғы жеңісін неге теледидардар көрсетпеді дейтіндер көп. Қанатты Генадан биік қойып, Жанатты танымайтындардың да пікірін көз көрді. Шамам жеткенше кәсіпқой бокстың қыр-сырын түсіндіріп көрейін.

қанат ислам

Кәсіпқой бокс әлемінде ең жоғары саналатын төрт титул бар. Олар: IBF, WBC, WBA және WBO. Бұған The Ring титулы жетеқабыл. Түсінікті тілмен айтсақ, жоғарыдағы төртеуі спорттың Олимпиадасы немесе Олимп шыңы. Тіпті болмаса, патриоттығыңыз ұстаса, Хантәңірі деп алайық. Бұл төрттік ішінде бірнеше аймақтық титулдарға бөлінеді. Олар туралы білгіңіз келсе гуглдатып көріңіз енді. Аса маңызды емес болғандықтан, оларға тоқталмаймын.

The Ring атағы әлем чемпионаты секілді. Олимпиададан бір саты төмен, алайда жоғары атақ. Бұл қатарға IBO мен IBA-ның титулдарын қосуға болады. Бұлардың да жергілікті белдіктері бар.

Жоғарыда аталғандардан бөлек тағы бірнеше организациялар бокс ұйымдастырып тұрады. Алайда олар жоғары атақ саналмайды. Яғни, облыстық турнирде жеңіске жеткен секілді ғой.

Енді, белбеулерге кезек берейік. Әлем мықты(IBHOF) деп мойындаған төрт құзырлы мекеме боксшы белбеуінің бірнеше түрін табыстайды. WBA бойынша "супер-чемпион, чемпион және интерим-чемпион" деген үш титул бар. Басқалары "чемпион және интерим-чемпион" деген атақпен шектелген.

Бәрі түсінікті болса, боксшыларға кезек берейік. Геннадий Головкин жоғарыдағы үздік төрт титулдың екеуін жеңді. Соңғысын жақында Лемьеден тартып алды. Яғни, Генада WBA (2014 жылы супер-чемпион атағымен марапатталды) және IBF чемпиондығы бар. Сондай-ақ, WBC-дің интерим-чемпионы деген белбеуі де бар. Генаның салмағындағы WBC чемпионы Мигель Котто. Ал WBO бойынша Энди Ли. Оған қоса Генада IBO белдігі және бар.

Біздің басқа боксшыларға келсек. Қазір Жанат Жақиянов пен Бейбіт Шүменовте WBA интерим-чемпион деген титулы бар. Яғни, олар чемпиондыққа таласуға құқығы бар деген сөз. Немесе қазіргі чемпион атағынан бас тартса, немесе өткізуге міндетті жекпе-жегін өткізбесе, атақты интерим-чемпионға береді.

Қанат Исламның қандай титулы бар? Қанат WBA бойынша Латын және Кариб аймақтық чемпиондығын жеңіп алған. Бұл - интерим-чемпиондықтан да, IBO мен IBA чемпиондығынан да төмен титул. Әзірге Қанат Ислам енді-енді көтеріліп келеді. Жеңісі алда деп сенейік. 

Бұған дейін Қазақстан атынан шыққан боксшылардың арасында үздік төрт титулға қол жеткізгендер санаулы ғана. Василий Жиров IBF чемпионы атанған болатын. Бірақ, кейін ол титулынан айрылып қалды. Одан бөлек Анатолий Александров деген боксшы WBO-ның белбеуін біраз уақыт иеленген екен. Расын айту керек, бұл боксшыны білмеген екенмін бұрын. Сондай-ақ, Бейбіт Шүменов WBA титулы болған-тұғын. (Хопкинске ұтылып қалғаны естеріңізде шығар).

Бейбітте бұдан бөлек IBA чемпионы деген де атақ болған еді. Шүменов секілді мұндай екінші дәрежелі бәсекенің атағын Марат Мәзімбаев та жеңіп алған-ды. Сондай-ақ Иса Акбербаев GBC бойынша әлем чемпионы. Бары осы. Жалпы boxrec сайтына сүйенсек, Қазақстан атынан 182 спортшы кәсіпқой бокспен айналысыпты. Соның ішіндегі іліп аларлары осылар.

Аймақтық турнирлердің жеңімпаздары да бар бізде. Олардың бәрін қарап шыға алмадым. Қатты қызықсаңыздар http://boxrec.com/records/ мына сілтеме арқылы өтіп, қазақстандық боксшыларды қарап көріңіз.

Бастапқы мәселеге қайта оралайықшы. Қанаттың боксын неге көрсетпеді бізде? Біріншіден, әр турнирді түсіруге құқылы белгілі телеарна болады. Басқа елдер жекпе-жекті көрсетуі үшін рұқсатнама сатып алуы керек. Бұл жолы аталған жекпе-жектің құқығы NBC арнасына тиесілі болды. Тек солар ғана түсіріп, көрсетуге құқылы еді. Екіншіден, аталған арна Қанаттың жекпе-жегін тіпті көрсеткен жоқ. Мен интернеттен көрсетіп қалар деп әлгі арнаны қадағалап отырғанмын. Оның орнына футбол матчын көрсетіп кетті. Неге? Әуелі сол күнгі негізгі жекпе-жек Кэвин Бизиэ мен Фредрик Лаусон арасында болған-тұғын. Қанат Исламның кездесуі қосымша, бокс тілімін айтқанда андеркарт еді. Сондықтан, аталған арна Қанаттың боксын көрсеткен жоқ. Міне, бары осы.

ҚазСпорт Қанат Исламның боксын көрсетуге шамасы жетер ме еді? Жетер еді, егер NBC-дан трансляцияға рұқсат сатып алғанда. Алайда, сол арнаның өзі боксты көрсетпегенін ескерсек, ҚазСпорттың көрсетуі тіпті мүмкін емес. Ал ҚазСпорт өзі Майамиге барып түсіруге қаржысы жетпейтіні айдан анық.

0 дауыс
Жақында норм боксшылармен шығып жатса көрсететін шығар.
0 дауыс
Егерде Қанат Исламда жақсы нәтиже көрсетіп атса көрсетеді міндетті түрде
0 дауыс
Казактар оянбайды уйыктап жур Геннадий алем чемпионы ал Канат жай гана касипкой боксшы ал егер ол алем чемпионы атагы ушин бокстасса оны Казспорт Казакстан арналары корсетеди
0 дауыс
Қанатты чемпион болмай-ақ телеарналардан көрсетулері керек еді. Кеше Жанат Жақиянов, Басқа да чемпион болмағандарды көрсетіп жүрген жоқпа.
...