+1 дауыс
16.7k көрілді
Тіл байлықты қалай көбейтуге болады?Сіздердің жауаптарыңызды оқысам тіпті керемет, әдеби тілмен жақсы жеткізіп жазасыздар. Қайдан аласыздар? Қайдан шығады?
Әрине, кітап оқу арқылы дейсіздер. Алайда, сол шынымен көмектесе ме? Мен оқымайды емес, арасында жылына 1-2 кітап оқимын. Кереметтей нәтиже көрмедім . Әрине нәтиже көру үшін бұл аз да шығар, бірақ та ішіндегі кейбір сөздерін түсінбесең не істеуге болады? Әлде тілдің бай болуына туа біткен талант әсер етеді ме? Тілімді байытқым келеді.

15 жауап

+3 дауыс
Тіл байлығын көбейтудің бірақ жолы бар, ол әдеби кітаптарды көбірек оқу. Бір жылда бір-екі кітап деген өте аз, кемінде аптасына бір кітап оқысаң нәтижесі - жылда ақ біліне бастайды.
+2 дауыс
Әрине, кітап оқыған қатесіз жазуға, тіл байлығын дамытуға септігін тигізеді,

Сосын тіл байлығыңды дамытудың тағы бір жолы шығармашылықпен айналысу, яғни өз ойыңды жеткізе білу, Мысалы осы сайтта да блог бөлімі бар, соған жазуға болады кез-келген тақырыпта, жұрттың пікірін, сын-ескертпелерін тыңдайсың (тілдік қорды дамытуға оның да пайдасы зор ғой деген ойдамын) (Тіпті ешқайда жарияламасң да өзің үшін жазып жүруге болады, нағыз болмаса күнделік жазып үйрен)
+1 дауыс
"Кітап-білім бұлағы" деп бекер айтылмаған, алдымен кітап оқы! Екінші, басқа адамдарды дұрыс тыңдай біл, сөз мәнерлеріне назар аудар! Үшінші,естімеген жаңа мақал-мәтелдерің болса жазып ал, өзіңде көбірек жазуға тырыс. Төртінші, сөйлем құруға көңіл бөл, сөз тіркестеріңде бір сөздер қайталанып келмесін. Негізі,көп оқы,көп тыңда,көп жаз! Тыңдай білу де өнер. Жазушы болмасам да өз пікірімді, ойымды айттым керек десең қабылдарсың!
+1 дауыс
Көркем шығармаларды көп оқысаң тіл байлығың неге аспасқа. Оның үшін шығарманы жылына бір-екі рет емес күніне көп дегенде екі рет оқу керек.
+1 дауыс
Әдеби кітаптар,энциклопедиялар көп оқы. Жылына 1-2 кітап тым аз.
+2 дауыс
Тіл байлығын дамытуы үшін кітап, қара сөздер, көркем шығармалар оқуыңыз қажет.
+1 дауыс
Кітапты тіл байлығынды арттыру үшін емес, өзін қызығып оқы ішіне кіріп кетіп) Өзіне қызықтыратын тақырыптарды оқып баста, мысалы, махаббат туралы оқы қызығу үшін, Нұршайықовтың кітаптарын. Күнде кешкісін кем дегенді 4-5 бет кітап, журнал оқуды әдетке айналдыр, "кто перестает читать, тот и думать перестает".
+1 дауыс
"Жазу үшін көп білу керек" Әрине, тіл байлығын дамытуға көп септігін тигізетін - көркем әдебиет. Мен кезінде көркем әдебиетті сүйсініп оқитынмын, қазір онша оқи қоймаймын, дегенмен, тіл байлығым нашар деңгейде деп айта алмаймын, Мектепте не үшін шығарма жазғызады?Шығарма адманың ойын нақты жеткізе білуіне көп септігін тигізеді. Шығарманы сен бір бет немесе бес алты бет жаза аласың, бірақ ішіндегі бір ғана түйін назар аудартады, немесе беделді адамдар теледидардан сөйлегенде көп сөз айтуы мүмкін, бірақ ең қажет дегені бір екі сөйлем ғана, ал кейбіреуі бір сөйлеммен бәрін айтуы мүмкін. Қорытынды: тіл байлығын дамытамын десең, тіл мәдениетін жоғарылат. Айтыс көр, газеттер оқы , кітап , қара сөздер оқы, сыпайы сөйле, сөз барысында қарапайым сөздерді мүмкіндігінше аз қолдан!
+1 дауыс
Кітап оқы, шығарма жаз, қабілетің болса өлең жаз, әлеуметтік желілерде білімді адамдармен хабарласып жүр.
+1 дауыс
Жаңалық жазатын қазақша сайттарға кіріп тұрсаң нәтижесі болады.
+1 дауыс
Әлеуметтік желілерде орыстармен сөйлесіп көр, шын орысша білмесең, жазып үйренесің.

Кітап қой негізгісі, қандай да болсын, әдеби кітаптар оқи бер.
0 дауыс
менің ойымша ,қазіргі жастардың салғырытым жай тілде сөйлеулеріне әлеуметтік желі кедергісін тигізеді. Алтын уақытымыздың көбін, босқа кетіріп жатамыз өкінішке орай...
0 дауыс
Менде де осы маселе. Атап айтсам мен орысша окыгам мектепте, ал универде казакша окимын казір. Мен бурын кітап окып бастайтымын брак ортасынада кемей коя салатынмын. Калай бир бастаган поэманы сонынадиін окуга болады?
0 дауыс
Салеметсиздерме калдарыныз калай менде тилимди дамыткым келеди тез арада ол мумукин бе
0 дауыс
Кандай китаптар жаксы?
...