+4 дауыс
688 көрілді

Нақты шешім емес. Әрі дайын дүние емес, бірақ болашақта сайтымыздың сырт келбеті осындай болса қалай қарайтын едіңіз.

Бүгін сайтта аздап өзгертулер енгізіп, сайттың сырт келбетін аздап өзгертіп реттеп шыққан жайым бар. Блог плагинін де жаңартып қойдық. Аздап өзгертулерді қайта реттеп шығамын.

Айтайын дегенім Сұрақ-Жауап сайтының келбеті осы кескінде болу дизайн мысалы. Қазіргі таңда үнді досыммен келісіп жатырмын. Егер бір келісімге келетін болсақ 2-3 айдан кейін жаңа сырт келбеті дайын болуы мүмкін.

Кейдей бақап жатамын сайтқа алғаш кірген қолданушыға сайт түсініксіз болып жатады. Сондықтан көбісі тіркелмей, қайта сайттан шығып кетеді. Осыны ескере отырып сырт келбетін ретке келтіру керек деген ойға келемін.

Сайттың сырт келбетін жаңарту қандай өзгерістер алып келетінін мына Қазақстанның Электронды үкіметінің жаңартылуы туралы жазбаны оқысаңыздар болады.

Осындай факттерді ескере отырып СЖ-ға арналған мынадай Дизайнды көзім шалды.

Алдағы уақытта осы дизайн сапалы жасалынатын болса Сұрақ-Жауап сайтына қоссам ба деген ой бар алдағы болашақта.

Осы жөнінде сіздердің көзқарастарыңызды білейін деп едім?

Дизайнның үлкен, әрі сапалы сурет көремін десеңіздер төмендегі сілтемелерді шертеміз.

Сұрақ беті

Сұрақтар беті

Қолданушы беті

Шешілген нақты шешім емес, ұсыныс. Алып қосар ойларыңыз болса тыңдауға дайынмын.

p.s. Ескерте кетейін. Келесі айдың ішінде Android пен iOS-қа арналған нұсқасын ақыры жасаймыз деген шешімге тоқтадым. Арнайы қосымша жасап береміз деген жігіттермен келісіп жатырмын. Құдай қаласа жаңа қосымшаны өздеріңізге жақында ұсынып қаламыз.

12 жауап

+3 дауыс
Көзге үйреніп қалғасын қазіргі дизайн да жаман емес, әрине ерік өзіңізде. Ұсынып отырған дизайныңызда жаман емес.Менің айтайын дегенім: мүмкін болса жақсы жауап тандалған және бірнеше сағат, күн өткен сұрақтар алып тасталып отырса, себебі: баяғыда екі үш ай бұрын жауап алынған сұрақтарға енді жауаптар келіп жатады, осы жағын байқасаңыз. Ісіңіз оңға бассын!
"мүмкін болса жақсы жауап тандалған және бірнеше сағат, күн өткен сұрақтар алып тасталып отырса"
Неге олай ойлайсың мысалы сен ол сұрақтың жауабын тапқанмен келесі буын сол сұрақты міндетті түрде іздейді сол кезде табады осында
Біріншіден: кейбір тым қарапайым сұрақтардың тағы іздейтіндей пайдасы да, керегі де жоқ деп ойлаймын.
Екіншіден: егер шын мәнінде іздейтін болса, неге бір сұрақ сан рет қайталанады?
Үшіншіден: адамдар өздері іздеуден біреудің мойнына арта салады деп ойлаймын, олай болмаған жағдайда неге оп оңай гуглдан жауап таба алатын сұрақтарды осы жерде қояды, ал ол сұраққа біреу гуглдан көшіріп бере салады
+1 дауыс
Жақсы, ұсыныс дұрыс. Қазіргі дизайнда жоғарғы блокта пункттар тым көп. Оларды бір реттілікпен жүйелеп жазған дұрыс деп ойлаймын.

Бағалау жүйесі, автоматты бағалау, блог сол күйінде қала берсе болды емес пе?

Бастысы қолданушылардың сайт интерфейсін тез түсінуі ғой. Ал егерде оңай жолы ұсынылса қарсылық ешкімде болмайды деген ойдамын.

Үнді досыңызды көп айтасыз, ол жайлы айта кетсеңіз.
+1 дауыс
Иә,телефонымның браузерімен кіргенде мен де басында түсінбегенмін бұл сайтты. Қазір тұрақты кіріп жүргендіктен сайтқа үйреніп қалдым. Жаңа дизайн жаман емес сияқты)
0 дауыс
Уау өте жақсы дизайн.
+1 дауыс
Былайынша жаман емес сияқты.
+1 дауыс
Керемет дизайн екен, орнатуға болады.
+1 дауыс
Қазіргі дизайыны да жақсы. Жақсысы жақсы дизайынды өзгертпей-ақ қояйық.
+1 дауыс
Жаңа дизайннан кейін тоқырау болады деп ойлаймын))
+1 дауыс
@Admin, өтініш н/е ұсынысым бар еді, бұрынғыдай қолданушылардың жазылушылары мен оқырмандары көрініп тұрса деген едім. Сосын, әр қолданушының бетінде үздік жауаптары мен үздік сұрақтары да көрініп тұрса жақсы болатын еді. Менікі жай ғана ұсыныс, шешімді өзіңіз сайттың ыңғайына қарай шығарасыз ғой.
Ал, дизайн жайлы ойымды айтар болсам, қазіргісі де жаман емес. Дизайн ауысқан жағдайда да біраз күндерден соң көзіміз үйренеді. Жаңа дизайн да жақсы екен.
Сенімен толық қосылам
+1 дауыс
Дизайын жама емес. Сайттың PDA версиясын шығарсаңыз жақсы болар еді.
0 дауыс
Осы дизайнға үйренген екенмін. Сонда жаңа дизайын қара реңде бола ма?
0 дауыс
Жақсы екен,заманға сай әдемі дизайн
...