+2 дауыс
2.6k көрілді
Мысалы мен бір белгісін білем, алаяқтар телефонмен сөйлескенде тез-тез , адамды ойлауға мұрша бермейтіндей сөйлеседі. Ал сіз алаяқ адамға тап болғанның қандай белгілерін білесіз?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Алаяқтар, әдетте, адамдардың жеңіл пайда табу, бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу сияқты қасиеттерін ескеріп, өз ісіне оңтайлап алады. Олар, негізінен, әртістік дарыны бар, өтірікті шындай етіп жеткізетін айлакерлігі басым адамдар болып келеді. Сондай-ақ, таза әрі әдемі киінеді, асықпай сөйлеп, әзіл-қалжың айтады, адамның көзіне тура қарап, барынша сенім тудыруға тырысады. Алдау-арбау жолында жүрген жұбайлық жұптар да кездеседі. Олар тез әрекет етіп, басқадай ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. «Тез шешім қабылда, әйтпесе, үлгермейсің» деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан, зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады. Жапа шеккен адамдар әдетте: «Не болғанын түсінбей қалдым», «Гипноз жасады ғой деймін», «Ол сондай сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым», – дегенді жиі айтады. Алайда, адамдар алданбаймын деп тұрса да ондай жылпостардың айтқанын қалай істеп, жетегінде кеткенін білмей, сезбей де қалады. 

Қазақстанда ең  кең тараған түрі - мобильді алаяқтық.

Белгілері деп мен мыналарды айта аламын:

Жалған жүлде — сіздің ұялы телефоныңызға қандай да бір ірі компанияның (радиостанция, дүкендер желісі) ұтыс ойынын өткізіп жатқандығы  туралы қоңырау немесе SMS келіп, құнды жүлде ұтып алғаныңыз туралы баяндалады. Алаяқтар сізден ұтып алған жүлде салығын немесе жеткізу үшін белгілі бір  көлемде қаржыны нөмірлерге аударуды немесе төлем карталарын сатып алып, олардың құпия кодтарын айтуды ұсынады.

Қысқа нөмірге бағасы қымбат SMS жолдау — егер сізге қысқа нөмірге (көп жағдайда төрт таңбалы) жауап беруді сұраса, бұл — құны жүздеген теңге тұратын контент-провайдерлердің қымбат қызметі  болуы мүмкін. Мәселен, «Сіз дауыстық хабарлама немесе ММS алдыңыз, оны тыңдау үшін ХХХХ нөміріне ҮҮҮҮ коды бар SMS жолдау қажет» деген мәтін келеді. Егер сіз шынымен дауыстық хабарлама алсаңыз, нөмірге келген мәлімдеме 2000 нөмірінен басталған болуы қажет. Осы секілді хабарлама алсаңыз ақпаратты нақтылау үшін компанияның ақпараттық-анықтамалық қызметіне хабарласқан дұрыс.

Туыстың қайғылы оқиғаға ұшырауы – қоңырау шалушы өзін сіздің туысыңыз немесе әріптесіңіз екеніне иландырып, қайғылы оқиғаға ұшырағанын айтады. Басқа біреудің телефонынан қоңырау шалып тұрғанын хабарлайды. Әрмен қарай төлем карточкасын сатып алып, құпия кодты айтуыңызды сұрайды.  Компьютерлік вирус – компьютеріңіздің мониторында мынадай хабарлама пайда болады: «Вирус табылды, оны жою үшін ҮҮҮҮ мәтінін ХХХХ нөміріне жолдаңыз». Windows операциялық жүйеңіздің лицензиясы таусылғанын, оны ұзарту үшін ХХХХ нөміріне ҮҮҮҮ мәтіні бар SMS жолдау қажеттігі айтылады.

Жетім немесе ауру балаларға көмек керек екендігі жөнінде де хабарлама келеді. Ондайда телефон нөмірі көрсетіледі. Ол телефонға  шалынған қоңыраудың  әр секунды үшін сізден ақша ұсталып жатады.

Тағы бірі «сіздің телефоныңыз істен шыққалы тұр, оның алдын алу үшін мынадай нөмірге хабарлама жіберіп, нөміріңізді қайта тіркетесіз» деген мағынада болады. Мысалы, *105*050 ХХХ ХХ ХХ*200# секілді нөмір көрсетіледі. Бұл ретте   телефоныңыздағы бар ақшадан айырылып қаласыз.

Көшеде кездейсоқ біреу анасына телефон шалуы керектігін айтып, қатты қысылса да сенбеңіз, ол телефонды қолына алғаннан соң бірнеше минуттан кейін барлық бірліктеріңіз жоқ болып шығады.

Бұл – мобильді алаяқтардың аңқау жандарды алдап соғуда жиі қолданатын негізгі тәсілдері. 

Алаяқтықтың жолын кесудегі ең қарапайым әдіс – кез келген мәліметті тексеру.

+1 дауыс
Мына жерде интернеттегі алаяқтық туралы жазылыпты, орысша түсінетін шығарсың

http://allforjoomla.ru/info/306-internet-moshennichestvo
мен әдейі қазақша жауаптар болсын деп сұрақ қойып жатырмын.
Сонда өзің білесің, тек қазақша жауабын алғың келе ме?
+1 дауыс
Алаятық жөнінде мына жерден толық оқысаңыз болды:
http://stud24.ru/criminal-law/alayaty/366881-1152446-page3.html
0 дауыс
Менде тез тез сөйлеймін кейде, менде алаяқ болғаным ба?) Меніңше олар сендіруге тырысып тұрады, отказ жасамаса екен дегендей,
жоқ, танымайтын бөтен адамдар бір нәрсені алу мақсатында  телефонмен сөйлескенде солай істеуі мүмкін . Мысалы аяқ астынан біреулерге қоңырау шалып сіздің жақын туысыңыз өлім аузында жатыр , құтқаруға ақша керек деуі мүмкін.
Бұлай айтса, мен хабарласып сұрар едім, дереу ақшаны бер салмай
Ол қайтыс болғанына 1 жылдан асты деп айтса солай звондағанда, мошенник болса аузына құм құйылады)
иә,  дұрыс айтасың
ондай кезде ондай ойыңа да келмеуі мүмкін ғой
0 дауыс
Алаяқтар бір жағынан адамға психологиялық ықпал жасап ойын жүзеге асыруға тырысады. Мысалы оған сенбеймін, қандай  кепілдік бересің деп айтса алаяқ сенбесең сенбе, басынды қатырма дейді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 9.09.2020 Жанұя сұрақ қойды
...