0 дауыс
44.4k көрілді
Жай сөйлем айырмашылығы: 1. Құрамы жағынан - жеке сөздерден құралатыны.

                                             2. Мағыналық өзгешілігі - жеке, дербес ойды білдіретіні.

                                             3. Дауыс ырғағы тиянақты, аяқталоған ойды білдіреді, бүтін болып есептеледі.

Құрмалас сөйлем айырмашылығы: 1. құрамы жағынан - жай сөйлемдерден құралатындығы.

                                                      2. Мағыналық өзгешілігі - күрделі ойды білдіруінде.

                                                      3. Құрамындағы сөйлемдердің дауыс ырғағы тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі боп табылады.

 

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнин ұқсастығы: 1. Екеуі де ойды (жалаң немесе күрделі) білдіреді.

                                                                            2. Пікірді жарыққа жығаруға, түсінісуге қызмет етеді.

                                                                            3. Айтылар ой дауыс ырғағымен беріледі.

Осыған қарап жазсаниздар болади. Комеги болатин шигар деп жаздим. Коп Коп рахмет)))

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің басты айырмашылығы: жай сөйлемде бір ғана бастауыш, және бір баяндауыш болады, яғни бір сөйлемнен құралған  ал құрмалас сөйлемде екі немесе одан да көп бастауыш болады, яғни бір бірімен жалғаулық шылаулар арқылы ажыратылған екі сөйлемнен құралады.
+1 дауыс
Сөйлемдер құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екi үлкен топқа бөлiнедi.

Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштан (кейде тек баяндауыштың өзiнен) құралып, бiр ғана ойды бiлдiрсе, кейде күрделi ойды бiлдiредi. Мысалы: Қоңырау соғылды. Айтылған сөйлемде қоңыраудың соғылуы туралы бiр ғана ой айтылған (қоңырау - бастауыш, соғылды-баяндауыш)

Екi немесе бiрнеше жай сөйлемнен құралып, күрделi ойды бiлдiретiн сөйлемдi құрмалас сөйлемдеймiз. Мысалы: Машина жүргiзушi жiгiт ұйым басшысының тапсырумен бес бума кiтап алып шыққан екен, қойшылар оларды қуана-қуана сатып алды. Мұнда бiрiншi жай сөйлемен кейiн дауыс ырғағы бәсендемей, көтерiңкi айтылады да, соңынан басқа бiр сөйлем келуiн тiлейдi.
...