+1 дауыс
254k көрілді

Аралас құрмалас сөйлемге 5 мысал?

Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1) ешбір жалғаулық шылаусыз іргелес тұру арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орын тәртібі әртүрлі болады. Мысалы, Көктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Күшік бауырын көтеріп, өздігінен тырбанып жүруге айналған соң, ас ішетін арнайы асқұйғыш дайындалды, жетектеп жүру үшін мойнына жіп тағылды. Құрылысы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді, жұпар иісті жасыл желегін жастанып, жаныңды жайландыра жатқың келеді. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.

Моп-момақан боп тұнып тұрған Есілдің суы қабықтай қалқытып ала жөнелгенде, сен малтымпаз болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің, бірақ Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды қимылдатсаң болғаны, Есіл сені көтеріп ала жөнеледі. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Мысалы: 1)Әрқайсысы ашылған кітаптың, аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді (С. Сматаев)
2)Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды. (Ғ.Мүсірепов).
3)Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
4)Бізше,адам өмірін түзеуге,барлық адамдар тату тұруға негізгісі-ақ жүрек,адал еңбек,арлы ақыл болуы керек.
5)Ауылда түрлі шаралар,ұйымдар болып жатқан еді,-Айжан әлі жоқ.
0 дауыс
Мен білім алып,жазуды үйреніп,мамандық иесі атандым. Шынар дүкеннен азық түлік алды,содан соң үйге келіп,ас əзірледі. Бəріміз жақсы оқып,оқу орнына түстік,алайда Арман қалып қойды.
0 дауыс
біз бәрміз оқу орынға түстік, бірақ Аымгүл қалып қойды.
0 дауыс
Кітабымды жолдасым әккеті, Сондықтан сабаққа дайындала алмадым. Оқытушы ескерту жасады.

2.Көкьөбеге бар.Төбеден төмен қара.Алматының әсемдігіне сүйсін.

3.Жақында ҰлыОтан соғысы ардагерлерімен кездкстік.

4.Бүгінмаған кел. Сабаққа бірге дайыдаламыз. Одан соң Өнер музейіне барамыз.
0 дауыс
Барлығымыз сабақты жақсы оқыған соң,жақсы орынға оқиға түсіп едік,алайда Жанелия қалып қойды.

Ұқсас сұрақтар

...