+1 дауыс
1.8k көрілді
Неге Ресей Қырымды Украинадан тартып алған секілді Алясканы Америкадан кері тартып алмайды?

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Ресейдің бұл ісін логикалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ бұл жерде геосаяси ойын жатыр. 

Жалпы егер сұрағыңа тура мағынада жауап берер болсам: Қырым және Аляска осы салыстыруларға көз жүгіртейік

1. Қырымды Ресей Украинадан оыс тілділер құқығын қорғаймын, халық Ресеймен бірге болғысы келеді деген сияқты желеумен референдум өткізу арқылы алған болса.... (58,5 % орыс ұлты) 

Алясканың жағдайы мүлде бөлек. Аляскада мұндай саясат жүргізуге мүмкіндік жоқ. Неге? Аляскада Ресей саясатын қолдай қоятын орыс тілділер жоқ. Аляска былайша айтқанда американданған аймақ. Мына жердегі мәліметке қарайтын болсақ орыстар санында басымдылық жоқ екенін көреміз. Жалпы АҚШ мемлекеттік тілі ағылшын болғандықтан. Бұл жерде орыс тілінің түккеде қажеті жоқ.

2. Қырым Ресей құрамына қалай өтті және Ресейден қалай Украинаға берілді? Және қандай жолмен қайтарып алды? Осы сұрақтарға жауап беріп көрейікші. Ол үшін тарихтың сонау қойнауына көз жүгіртейік.

Он сегізінші ғасырдың екінші жартысына дейін Осман империясының ықпалында болған Қырым 1768-1774 жылғы орыс-түрік соғысының нәтижесінде Күшік-Қайнаржа бейбітшілік орнату келісімі бойынша Ресей ықпалына өткен болатын. 1783 жылы Екатерина ІІ-нің жарлығы бойынша Қырым Ресей билігіне өтті..

1954 жыл. Елде орын алған экономикалық қиындықтарға байланысты, шаруашылық, экономикалық, территорияларының жақындығына, мәдени байланыстарға байлнысты Қырым  1954 жылы КСРО Жоғарғы кеңесінің бұйрығымен Украинаға берілсін деген шешім шығарылды. 

2014 жыл. Референдум. 96 пайыз Ресейге қосылуды жақтайды деген қорытынды нәтижесінде Қырым Ресейге өтті. 

Ал енді Аляска мәселесі. 1867 жылы Аляска АҚШ-қа 7,2 миллион долларға сатылып кеткен болатын.

Яғни осыдан шығатын қарапайым қорытынды Аляска   берілген емес сатылып кеткен болатын. Яғни орыстар ол аймақтың өтеуін баяғыда-ақ алып қойған.

3. Ресейге Алясканың түккеде қажеті жоқ. Қажет болса 1867 жылы сатылмаста еді. Ресей территориясы қаншалықты үлкен болғанымен, соншалықты игерілмеген аймақтары жетіп артылады. Сондықтанда игерілмеген +1 даулы мәселенің сол уақытта, Ресейге түкке қажеті болмады. 

4. Қырымды Украинадан, Алясканы АҚШ-тан өзіңіз ойланып көріңізші... Украина мен АҚШ-ты салыстырыңызшы алдымен. Ресей Украинадан тартып ала алғанмен, АҚШ-қа күйі жетпейді. Әлемді аузына қаратып, валютасы мен экономикасы арқылы әлемді билеп отырған мемлекетті Ресейдің қазіргі жағдайында жеңу мүмкін бе? Әрине мүмкін емес? Оған соңғы уақыттағы рубль девальвациясымен экономикалық санкцияларды қосыңыз, сонда Ресейге мұнымен бас ауыртып не қажеті бар. Бұл дегеніміз ашық соғыс ашу емеспе. 

Жалпы осылардан неге Ресей Алясканы қосып алмайтындығының сан мың себебін шығара беріңіз....

   

 

Ооо Айдар сайтқа оралуыңмен ))
0 дауыс
Атам заманда өзі сатып  жіберсе қалай алды  енді?

Онсыз да жер үлкен.
0 дауыс
Алясканы оздери сатып жиберген. Калай алады. Жогарыда толык жазыпты. Бирак Алясканын Ресейге кажети жок дегенге келиспеймин. 1. Орыстар оны оте арзанга саткан. 2. Казирги уакытта Аляска игериле бастады, жане аныкталганы мынау, ол жерде пайдалы казбалар оте коп. Асиресе мунай, алмаз. Казир Ресей сатканына окинген болар
Ол кезде орыстармен қазіргі орыстарды салыстырмаңдар. Қарапайым мысал, сол кездегі қазақтармен қазіргі бізге қараңдар!)) Солай екен тарихты кінәламай, болашақты ойлайық. бізді де тартып алмайдыма деп сұрақ қойыңдар оданда.
0 дауыс
Себебі оның Ресейге ешпайдасы жоқ сондықтан
0 дауыс
Қазірше Ресейдің ақшасы жетпейді Алияскаға.

Ұқсас сұрақтар

...