+1 дауыс
9.3k көрілді
Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен?  Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?

Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?

Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.

7 жауап

+1 дауыс
Осы сұрақтарды бекер қойдыңыз-ау,Абайдан асып не айта алар дейсің бізді
+1 дауыс
Мен қосылам Абай Құнанбаевтың қара сөзіне.
0 дауыс
Абай дұрыс айтады.
+1 дауыс
Айтатын сөзім жоқ. Тек дұрыс айтады дей аламын.
0 дауыс
Абайдың 50 қара сөздерiн бәрiн оқып шыққам әр бiр сөзiнiң мағынасы бар.
0 дауыс
Былайша айтқанда оның өзінің жаны бар. Шынымен де сәл нәрсеге бір күндік қызыққа елігеміз де, басқа сәтті ойламаймыз. Өмірімізді бос нәрсемен, жоқ нәрсеге алаңдаумен, армандаумен өткіземіз.

Мысалға алысқа бармай-ақөзімізді алайық. "Ана кино қашан басталады?", "Қашан қайтам, қашан келеді?" деп уақытты өзіміз асықтырып жүреміз. Уақыт - жалғыз өлшем, әр секунд алтын, оны бағалай білуіміз керек.
0 дауыс
Керемет жазылған, абайдың әрбір қара сөзінде мән-мағына бар.

Ұқсас сұрақтар

...