+1 дауыс
940 көрілді
Ең алғашқы қазақша сайт қандай сайт болды? 50x50 емес таза қазақ тіліндегі сайт қандай сайт? Қазіргі таңда тірі ма?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен тек 2006-2007 жылдары ғана қазақша сайттардың бар екенін біле бастадым. Ол кезде мәссаған, солайде, іргетас, софтзон т.с.с. қызықты сайттар болған. Ол кезде аса қызықты емес, қазіргі сияқты пайдаланып жүретінбіз, бірақ қазір еске алса, өте қызықты болған екен. Жалпы, өткен шақты еске алғанда адамда бір қызық сезім пайда болады ғой. Жоғарыда аталған сайттарда адамдар бір-бірін жақсы танитын және ол кезде ник деген керемет кең таралған болатын, адамдар өз атымен сирек жүретін және адамдар белсенді, ұйымшыл әрі әр қолданушы өзіндік стилі мен қызығарлық ерекшеліктері болатын. :)
Софтзонда Х мырза деген админ болды ғо))
Аха, Ақтөбелік бала еді ғой, ұмытпасам ол жерде Мирас деген қолданушы болған, ол сен бе?
іргетастың чаты, солайде өлген соң, жастар.біз шығып еді ғой)))
Мирас деген қолданушы болса мен шығармын))
мәссаған, солайде, іргетас, софтзон сонда қайсысы алғашқы???
Оның алдында керекинфо бар, сосын мәссаған, сосын іргетас, сосын солайде, сосын софтзон шығар мен білмеймін
полезное.кз деген болды сосын
+2 дауыс
Мен мектепте оқып жүргенде шамамен 6-7 сынып па  екен, сол кезде интернет дегеннің не екенін біле бастадым, сол кезде ең алғашқы көрген қазақша сайтым khabar.kz болды ғой деймін. )))
+2 дауыс
Мен көрген алғашқы қазақша сайт Мәссаған.
+2 дауыс
Қазақстанның ең үздiк сайттар осы:
khabar.kz
massagan.kz
sen-ushin.kz
szh.kz
massaget.kz
massagan.com болған :)
...