+1 дауыс
12.1k көрілді
Ең алғашқы көліктер қай кезден бастап шыға бастады . Жалпы көліктер жайлы айта кетсеңіздер.

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлемдегі ең алғашқы автокөліктің тарихы Николас Джозеф Кагнот есімді механикпен тікелей байланысты. Николас Джозеф Франция мемлекетінің қорғаныс министрі Этьен-Француаның бұйрығымен артиллериялық жабдық тасымалдайтын көліктің жобалауын бастайды. Осы жобаға негізделе отырып, Кагнот пен екінші әскери механик Брезин бумен жүретін алғашқы көліктің бірінші үлгісінқұрастырған. Алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, сағатына 4 шақырым. Бірақ осы көліктің артықшылығы – 5 тонна жүкті тасымалдай алатын еді. Бірақ осы көліктің бір осал жері тежегіш болған. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жолапатына ұшырады. Нәтижесіндекөліктің шығарылуы 1771 жылы аяқталған. Бірақ осыған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы көлік ретінде танылады. Ал жанармаймен жүретін алғашқыкөлік ретінде Бенцтың 3 дөңгелекті екі орынды үлгісі саналады. Тағы да бір деректерге сүйенсек,"жанармаймен жүретін алғашқыкөлік" деген атаққа Зигфрид Маркустың 1875 жылы құрастырған үлгісі де үміттенеді. Бұл көліктің жылдамдығы Кагноттың құрастырған үлгісіне қарағандаәлдеқайда жоғары болған. Деректерге сүйенсек, сағатына 15 шақырымға дейін жетіпті. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік Парижде құрастырылған еді. Бельгиялық құрастырушы Камилл Женатци бұл көлікті 1899 жылы шығарған. La Jamais-Contente атты көлік екі электр қозғалтқыш арқылы жүрген. Ақпарат http://massaget.kz сайтынан алынды.
+1 дауыс
Әлемдегі ең алғашқы көлік 1769 жылы Парижде жасалған. Оны Николас Джозеф Кагнот есімді механик құрастырып шығарады. Оған Францияның соғыс министрі Этьен-Француа артелериялық жабдықтарды алып жүретін техника ойлап табуды тапсырады. Осы тапсырма бойынша Кагнот пен екінші әскери механик Брезин бумен жүретін алғашқы автокөлікті құрастырып шығады. Автокөліктің жылдамдығы сағатына 4 шақырым болады. Сондай-ақ ол 5 тонна жүкті тасымалдай алатын еді. Алайда көліктің ең қиын жері тежегішінің нашарлығынан бірнеше апат орын алады. Нәтижесінде 1771 жылы көлікті жасау ісі тоқтатылады. Әйтсе де Кагноттың бумен жүретін көлігі әлемдегі ең алғашқы көлік ретінде тарихта қалды.
Ал бензин двигателімен жүретін алғашқы көлік ретінде 1885 жылы Карл Бенц құрастырған 3 доңғалақты, 2 орындық автокөлік саналады. 1886 жылы жасалған Готлиб Даймлердің көлігі іс жүзінде қолданысқа түскен алғашқы көлік саналады. Тағы бір деректер бойынша ең алғашқы бензинмен жүретін көлікті Зигфрид Маркус 1875 жылы құрастырып шығарған. Бұл көліктердің жүру жылдамдығы сағатына 15-16 шақырым еді. Сағатына 100 шақырымдық жылдамдықпен жүретін көлік тек 1899 жылы пайда болды. Парижде тұратын Бельгиялық Камилл Женатци осы электромобильді құрастырып шығады. La Jamais-Contente (“Неудовлетворённая”) деп аталған көлікті 2 электродвигатель қозғалтатын.
+1 дауыс
Ең алғашқы көлік - ол жылқы мен өгіз. Олар адаммен бірге жасасып келе жатыр ))

Ұқсас сұрақтар

...