Мен тек 2006-2007 жылдары ғана қазақша сайттардың бар екенін біле бастадым. Ол кезде мәссаған, солайде, іргетас, софтзон т.с.с. қызықты сайттар болған. Ол кезде аса қызықты емес, қазіргі сияқты пайдаланып жүретінбіз, бірақ қазір еске алса, өте қызықты болған екен. Жалпы, өткен шақты еске алғанда адамда бір қызық сезім пайда болады ғой. Жоғарыда аталған сайттарда адамдар бір-бірін жақсы танитын және ол кезде ник деген керемет кең таралған болатын, адамдар өз атымен сирек жүретін және адамдар белсенді, ұйымшыл әрі әр қолданушы өзіндік стилі мен қызығарлық ерекшеліктері болатын. :)