+1 дауыс
8.6k көрілді
Мекемелер маңдайшасындағы "Қош келдіңіздер" деген сөйлем қайдан бастау алған? Қарап отырсақ, ТМД мемлекеттерінен өзге елдер қолданбайды екен бұл үрдісті.
Сіз ТМД елдерінен басқа елдерде жоқ екендігіне шынында да сенімдісіз бе?   Зерттеп көрдіңіз бе?
Құдайым-ау, не боп кетті бұ заман!

2 жауап

+1 дауыс
Қазақтар қонақжай халық емеспе.Сол себепті деп ойлаймын.
+1 дауыс

Зат есім пішініндегі “хош” тегі  “көңілдің жан сүйсінтерлік жай-күйін, ықылас-зауқын” білдіреді. "Хош иіс, көңіл күйі хош болып тұрған жоқ" деген секілді.

Қоштасарда "Қайыр қош бол!" дейміз, "көңіл - күйің, жағдайың жақсы болсын!" деген тілекпен. Кейіннен келді "Қош келдіңіз" сөзі.

Сізге айтарым: сайтта ондай лингвистика ғалымдары жоқ, тек мына сілтемеде "қош" сөзін түп-тұқиянына дейін зерттепті, соны көріңіз. 

Мен қош сөзінің мағынасын немесе пайда болған түп-төркінін сұрап жатқам жоқ. Мен сұрақты түсініксіздеу қойған секілдімін.
Шетелде де біздегідей мекемелерге хош келдіңіздер деп жаза ма деп сұрап тұр бұл кісі, Жұбатхан?
Түркі тілдес халықтарда, оның ішінде ТМД елдерінде де қолданады, бірақ сирек.
Біз ғана бұл сөздің түп - төркінін ауыстырып басқа мағынада қолданамыз.
Шетел мекемелерінде өз тілдерінде жазылады, онда да "Қош келдіңіздер" демейді.
"Қош келдің" деген сөзге ұқсас өз тілдеріндегі сөзбен алмастырып жазады екен.
...