+3 дауыс
454 көрілді

Барлық қазақтілділерге қатысты емес. Көбісіне қатысты. Қоғамға қатысты.

Қоғамның көптеген саласында қазақтілді қазақтар орыстілді қазақстандықтарға қарағанда белсенді емес. Істегендері аз, ал істемегендері таудай. Бәрін сөзбен қатырады, ақыл-кеңес беруден алдарына жан салмайды. Бірақ іс жүзінде белсенді емес. Аузымен айтқандарын қолымен істей алмайды. Неге?

7 жауап

+3 дауыс

Бірақ 5 саусақ бірдей емес. Көбіне қоршаған ортаға байланысты. Кіммен жүрсең түбі соның істегенін қызығып сен де істейсің. Неге? деген сұраққа, мен де сол сауалды қойған едім, сонда көпті көрген ағамның жауабы: "Қазақтың қанында бар, яғни генге сіңіп қалған" 

+4 дауыс
неге деген сұрақ діңкеге ауырлау тиеді де жүреді, бәріне қызығушылық, бәріне жауап іздетеді.

ал...Адамзаттың барлығы да еліктейді, бірақ  біздің қазақта ол қасиет  жақсы іске асады.Өркениет деген түсінік айтылған сияқты оңай келіп кететін нәрсе емес. Оған уақыт керек. Шыныменде қазақ болғаның үшін мақтанатын кез келеді.
+3 дауыс
Қазақтілді қазақтар белсенді болу үшін билік тарапынан қолдау болу керек. Белсенділік көрсетейін десе, ешқандай қолдау таппайды, сонымен қалады.
+2 дауыс
Меніңше,ол қазақтілді не араластілділіктен емес,жәй адамның өзіне байланысты....
+2 дауыс
"Ауру қалса да, әдет қалмайды" дейді осы қазақ. Орыстың отарына айналғаннан кейін осындай күй кешуге мәжбүрміз. Саяси жүйе өзгермейінше сары көршіміздің тілінде әлі де сайраймыз. Рас, қазақтілділердің белсенділік танытпауына басты себеп - олардың аздығы. Әдеттегідей "жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайды" ғой.
+1 дауыс
"Ешқандай да ұлт жалқау болмайды, олай дейтіндер, білім төмендігі салдарынан солай айтуға мәжбүр."

Айталық, 1950 жылы жапониялық ғалымдар және инженерлер бірлестігінің шақыртуымен, Эдвардс Деминг есімді американ доктор келіп, 12 лекция оқып кетеді, салдарынан күллі Жапония бизнесінде төңкеріс орын алып, қарыштап дами бастаған екен. Бұл нәтиженің басты кілті мынада көрінеді: жетістіктің 96% - бизнесті ұйымдастыру тәсілінде жатыр, қалғаны жұмысшылардың еңбекқорлығына тиесілі.
+1 дауыс
Қазақ тілді қазақтар белсенді,бірақ сол белсенділіктіі орыс тілді қазақтар тежеп жатыр.Орыс тілді қазақтардың бәрін,ана тілінде сөйлемегені үшін,жұмыстан шығарып,айыппұл төлетіп немесе шетелге шығартпау,несиенің үстемақысын жоғарылату  ж,т,б жаза түрлерін қолданып ана тілінде сөйлетуге мәжбүрлеу керек.Осыған әрбір қазақ мүдееллі болу тиіс.
...