Жалпы сұрақ | 2.6k қаралды
2.6k қаралды
Артық кетсем, кешірім сұраймын.... Мектеп қабырғасында "Өзін-өзі тану" пәні өтіп жатқаны мәлім. . .Ол пән өзін-өзі танымай жүргендерге арналған ба?
<p><img alt="Өзін-өзі тану" src="https://surak.baribar.kz/?qa=blob&qa_blobid=14476312231557228891" /></p>

6 жауап

Жоға, о не дегеніңіз? Ол жас бүлдіршіндеріміздің тәрбиесіне бола шығарылған ғой. Оның несі жаман? Менің кішкене сіңлім сол пәнді ұнтады, онда ашық пікірлерге барып өз ойларын жазады. Ертең үлкееееен болғанда оз ойларын ашық айтып, белсенді болып, елімізге бір көмектері тисін деген ғой....
Ең қиын іс - өзіңді-өзің тану
Ең оңай іс - өзгеге ақыл айту деген
Жақсы Жауап
Бұл пәннің кітаптарын қарап шықтым мынадай түсінік қалыптасты менде. өзіңнің кім екеніңді,қайдан шыққаныңды,мәдениетің мен өнеріңді,не үшін өмір сүретініңді,ата-анаң мен достың,махаббаттың қадірін түсініп қиын сұраққа өз көз қарасыңмен қараудың нұсқаулығы мен түйген ой осы.
Белгісіз
Атырау обылысында осы сабақ босқа өтеді..!Мен 8 оқимын бұл сабақтың дұрыс өткенін көрмеппін..!
"Өзін-өзі тану" пәні біздің мектепте дұрыс өткізілмейді.Бірақ мен  5-6оқып жүргенде,ол пән болған жоқ,сондықтан сіңлілерімнен кітаптарын алып,қарап алдым.Барлық сыныптың "Өзін-өзі тану" пәнін қарап шықтым,көңілімнен шықты.Ұлылардың ұлағатты сөздерін күнделігіме түртіп алдым.Ешқандай олай емес,ол кітап адамгершілікке баулыйды.
Бұрын мектептерге Әдеп деп пән енгізді, беретін дұрыс мұғалім болғанда, ол да жақсы пән еді. Енді С.Назарбаева өзі жасаған пән деп, осы пәнді кіргіздірді. Бірақ, қазіргі мектептерде бұл пәнді кім көрінген, мектепте сағаты аздар, директордың жақындары беріп, сәнін кетірді. Қай пән болса да, мамандар берсе - жап-жақсы сабақ қылып өткізер еді. Менің ойымша, бұл пәннің де болашағы жоқ, күндердің күні  мектеп бағдарламасынан түсіп қалады.
Мен осы пəннен сабақ беремін. Өзін-өзі тану пəні
1. Рухани-адамгершілікке тəрбиелейді.

өзін, қоршаған ортаны тануға көмектеседі.

3. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді

4. Жалпы адамзаттық құндылықтарды (ақиқат, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, дұрыс əрекет, қиянат жасамау) брйларына сіңіреді

5. Оұушыны шығармашылыққа баулитын пəн.
Ал бұл пəннің оқушыға ұнайтын ұнамайтыны туралы ой пікірлерін менің инстаграмм парақшамнан оқи аласыз # omarova_gulnara72
118,354 сұрақ
305,188 жауап
153,293 пікір
67,539 қолданушы