0 дауыс
1.1k көрілді
Сәлеметсіздер ме! Мен Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының I санатты педагог-психологымын. Өзін-өзі танудан 9 сағатым бар. Өзін-өзі тану пәні бойынша деңгейлік курсты тәмамдадым. Өзін-өзі танудан деңгейлік курс оқығандарға II санат тиесілі екен. Бірақ арнайы бұйрық шықпаған. Өзін-өзі тану пәнінен жаңадан сағат алып жүргендіктен, әлі санат ала қойған жоқ едім. Жақында мектебімізге тексеру комиссиясы (Контрольно-ревизионное управление) келіп, өзін-өзі танудың сағаты педагог-психологтың I санатымен есептеленіп, солай ақша алып келгенсіз деп бірақ ақшаны үкіметке кері қайтаруға шешім шығарып берді. Мен енді қалай шағымдана аламын, бұл жерде менің еш кінәм жоқ. Мен берген ақшаны алып жүрмін. Қалай есептеу керектігін есепшілер өздері білмей ме сонда?! Педагог басқа пәннен сағат алған жағдайда санаты сақталады деген қандай да заңдылық бар ма? Осы сұрағыма жауап беріп, көмектесіңіздерші, өтініш!

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...