+1 дауыс
494 көрілді
Банға қолданушыны салғанда оны IP адресінен саласыңдар ма?

Мысалы банға түскен қолданушы  IP адресін, мемлекетін ауыстырып, СЖ сайтына кіре алады ма?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Басқа мемлекетке барып кіре аласың)) Сондықтан банға түспеуге тырысыңдар..
0 дауыс
Жаңадан тіркеліп кіре аласыз.
0 дауыс
Менің білуімше банға тек  Аккаунтты салады және IP адрестен салады

Банға салғанда көбінде Аккаунтқа бан беріп жатады, бірақ басқа Аккаунтың болса кіре аласың,

ал IP адресінтен берсе қанша аккаунтың болсада кіре алмайсың, бірақ басқа ip мен кіре бересің прокси қолданып

екуінен де бан берсе басқа ip мен жаңадан тіркелу керек болады)
0 дауыс
Аккаунт кетсе, жаңасымен кіруге болады.Ал ИП қиындау, админнің досы болуың керек десең, иә?!
+3 дауыс
IP адрес бар мамандарға көрінбейді, ондай мүмкіншілік модераторларға ғана беріледі. Бан тек ескету, тәрбиеге шақыру мақсатында ғана болғаны жөн, әрі ол қолданушының сайтты қолдану белсенділігіне қарай, жасаған тірлігін еске ала отырып 1,3,5 күн болғаны жөн болар еді. Бұл жерде банға қоюшы модератор жауапты қарағаны дұрыс, біреуді банға қойғанда ол адамға қанша күнге қойылғаны, не үшін екені ескертілсе жүда жақсы болар еді. Тағы бір айта кетерлігі банға қойылған қолданушыны қойылу мерзімі аяқтала салысымен уақытында босату керек. Банда тұрған қолданушыны сол банға кіргізген модератор ғана шешуі керек, себебі ол оның шығаратын нәтижесін тікелей бақылауда ұстауы керек.Сонда ғана бан деген дүниенің тәрбиелік мәні болады. Баннан өзге бір модератордың көмегімен, болмаса Админнің көмегімен шығып кету нағыз анайылық, ол адамның түсінік деңгейінің төмендігін көрсетеді. Егер модераторлар осы тәртіппен жұмыс атқарса еш қолданушыға қайта-қайта аккаунт ашу, немесе IP адрес өзгертіп тіркелудің еш қажеті болмайды. Дұрысы да осы емес пе, қалай ойлайсыздар?
Жақсы жазып шығыпсыз ағасы. Осы тақырып мені де толғандырып жүрген еді. Қазір техникалық тұрғыда қалай шешуге болатындығын қарастырып жатырмын.
Банға салу жүйесін жетілдіру керек. Қолданушыны банға салған соң, автоматты түрде 1 күн, 1 апта, 1 ай секілді жүйені қарастыру керек. Мысалы қолданушыны 2 күнге банға салсақ, сосын модератордың қатысуынсыз-ақ автоматты түрде 2 күннен кейін баннан шығатындай жүйе жасауға болады.
Алдағы уақытта шешуге тырысамын, осы мәселені.
Банға қойған модератор мерзімін көрсетіп, мерзімі біткенде автоматты түрде босатылса тегі жақсы болар еді. Бірақ 1 ай деген өте көп уақыт па деймін, олай ойлайтын себебім банға түсіп қалатындардың ішінде кейде пайдалы пікірлер, жақсы жауаптар жазатын белсенді қолданушылар да болады, олар банда ұзақ тұрақтап қалса сайт жауаптары мен пікірлеріне нұқсан келуі мүмкін.
–1 дауыс
Мамандардың сайт қолданушыларын БАНға жіберу қабілеті мен құзыреті жоқ. Модераторлар ма редакторларма жібереді. Нақты Админнен сұрап көр.
Орынбасар достым банды Редакторлар жібере алмайды ол мүмкін емес тек Модераторлар жібере алады
Модератор ма редакторма жібереді деп жазылып тұр.
+1 дауыс
ІР адресті өзгертудің түк қиындығы жоқ. Банға аккаунтты салады.
0 дауыс
Жаңадан ашқан дұрыс деп ойлаймын
0 дауыс
Жаңадан тіркеліп кіре аласың
...