Солақай жандармен спортта сынға түсу оң қолы немесе аяғымен жұмыс жасайтындар үшін оңай емес. Ыңғайсыз қарсылас саналады. Сондықтан да спортшының бапкерлері шәкірттеріне солақай спортшылармен сынға түсер алдында арнайы әдіс-тәсілдер қолдануды үйретеді.
Оңақайларға қарағанда солақайлар түрлі қауіп-қатерлерге жиі ұшырайды.Бүгінде арнайы мамандар солақайлықтың қыр-сырын жан-жақты зерттеу үстінде.Ал психологтар солақайлар оңақай адамдарға қарағанда әлдеқайда орнықты, епті, пысық, талантты болатын көрінеді.