+3 дауыс
887 көрілді
Мен жұмыста отырып жұмыс істемеймін, интернет шұқылап отырамын. Мен туыстарымды ренжітемін. Мен отбасын құруға ұмтылудың орынына қызға жолығып сөйлесуден қашқалақтаймын. Мен өзіме жаным ашудың орынына өзімді мүсіркеп отырамын. Мен өтірік бір нәрселерді қиялдап отырамын. Мен жындымын ба? Мен оңбағанмын ба?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ешқандай да жындыға жатпайсыз. Тек тұйықталып кеткенсіз. Бұрын бір іспен жақсылап айналысып, басқаларға көңіл бөлуден қалған секілдісіз. Мысалы көп оқып деген сияқты. Сізге адамдармен көп араласып, ортаға түсу керек. Туысқандарыңыз жиналғн жиынға, тойға барып немесе достарыңызбен бірге қыдырып. Тек техникамен отыра берген адамдар адаммен бетпе бет араласуын сиретсе осылай болады. Өзіңізді өзгелерден бір сəт жоғары қойып көріңіз. Өзіңіз тым төмен ұстайсыз. Алдыңызға мақсат қойыҢыз. Басқа отбасы бар адамдарға қараңыз. Саябақтардағы балаларымен ойнап жүрген ата-аналарға қарап, ой түйіңіз. Сізге неге солай жүрмеске. Іске сəт!!! Отбасын құрып, бақытты ғұмыр кешіңіз! Жаман ойлардан арылыңыз:)
Неткен керемет жауап!
рахмет))
+1 дауыс
Жындыға да, оңбағанғада жатпайсың. Қияли сияқты боп қалғансыңғой.
+1 дауыс

Сен "интернетоголизм" деген ауруға шалдыққан шығарсың. Одан құтылу үшін монитордың алдында күніне 1 сағаттан артық отырмауды әдет қыл, спортпен айналыс, үйдің тірліктеріне аралас, аз сөйлеуге тырыс.

Компьютермен жазбай енді пищущая машинамен жаза бастайын ба?  Жұмыстарымды?
Мен интернет туралы айтып отырмын.
0 дауыс
Сен жындыға ұқсамайсың тек жай компқа интернетке тәуелді болып қалғансың сосын қыздармен сөйлесуге қашқалақтаймын дейcің норм қыз тауып ашуланбай сырласып әңгіммелесең кішкене жақсы болып қаласың сосын өзіңді мүсіркеме әйтпесе өз түбіңе өзің жетесің менің сізге психологиялық кеңесім осы.))
–1 дауыс
Болымсыз адамсың, бар жоғың да бiлiнбейдi, қиялдап аузыңдағы наныңды алғызып, әр нәрсенi далбасалап ерiгiп жүрген адамсың. Әйтеуiр аман бол!
Мәссаған! Жауабыңыз сұрақ қойған адам үшін үлкен жұбаныш болатын шығар. ((((
0 дауыс
Жағдай болса үйленсейш.
0 дауыс
Бір сөзбен айтқанда - ПЕССИМИСТ !
0 дауыс
Сіз ешқандай жынды емессіз."Туыстарымды ренжітемін" дейсіз.  Мысалы: бүгін сіз бір жақын туысқаныңызбен ұрсысып ренжітіп алдыңыз делік.Ондай жағдай болмас үшін оңаша жерде ұзақ ойланыңыз өз-өзіңізге есеп беріңіз. Ең бастысы өзіңіздің жағымсыз қасиеттеріңізді білу яғни минустарынызды және соны мойындау.Сіз эмоцияға тәуелдісіз.Өзіңізді басқарыңыз және сабырлы болуды үйренген жөн.Көңіл күйіңізді өзіңіз басқарыңыз..Айналадағы адамдарға дөрекі жауап беру кикілжіңге келу оның бәрінен адамның жүйкесі жұқарып нервный болады.Үнемі жымиып салмақты болыңыз.
0 дауыс

Меніңше, сіз - интровертсіз. Интроверттер көпшілік ортада ұзақ қалғысы келмейді, үнемі жалғыздықты жаны қалап тұрады. Адамдармен араласып-құраласып кету олар үшін оңай емес. Интровертер сезімдерін сыртқа шығара бермейтін салмақты, жабық, тұйық адамдар. Бұл эгоистік емес. Олар үшін қоршаған ортадан өз ішкі әлемі маңызды. Оның бір немесе екі досы болуы мүмкін. Көбіне олардың осы бір не екі досымен өмір-бойы сырласып өтуі ғажап емес. Психологтар сондай-ақ, шығармашылықпен айналысатын адамдардың көбі интроверт болып келеді дейді.  Экстравертер қиындыққа душар болғанда, ештеңені ішіне ұстамай, айрықша эмоциямен сыртқа шығарып тастайды. Бұл қоршаған ортаның оған деген көзқарасын өзгертуі мүмкін.  Ал интровертер бәрін ішінде сақтайды. Соның кесірінен тығырықтан шығатын жол таба алмай, күйзеліске түсіп кетуі ғажап емес. Сіздің күйзелістің жеңіл түріне ұшыраған болуыңыз мүмкін. Бастысы, өзіңізді жынды деп ойламаңыз. Тек адамдардың бомысы әр түрлі екенін мойындай білсеңіз болды. 

Ұқсас сұрақтар

...