+2 дауыс
69.8k көрілді
Мен мен мен едім өлеңіне шығарма жоспармен болса.

Махамбеттің бойындағы ерлік пен қайсарлық оның әрбір өлең шумақтарынан айқын байқалады. Оның «Мен, мен едім, мен едім» атты өлеңінен жақын досы Исатайдан айрылып қалғаны оған қатты ауыр тигенін аңғаруға болады. Сонымен қатар бұл өлең жолдарында ел бостандығы, патша үкіметтінің күш көрсетуі мен жазалауы сияқты біршама мәселелер қозғалады. Ал ақынның «менінің» мағынасы-Исатайдың барында өзін тарлан бөрідей сезінуі еді.

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Махамбет ақын намысты оятатын, жігерлі жырлары арқылы елді қарулы күреске шақырды. Сондай жалынды өлеңдерінің бірі – «Мен, мен, мен едім» толғауы. Оны әйгілі Баймағамбет сұлтанға арнап айтқан. Жалпы, ақынның халық қамын ойлап-толғаудан туындаған патриоттық идеялары осы Баймағамбетке айтқан өлеңдерінен айқын аңғарылады. Махамбет «Мен, мен, мен едім» толғауында қоныс-мекенінен айрылып, жерсіз қалған елге атамекенін қайтарып, «жағалай жатқан сол елге мал толтыруды», «Қара қазан, сары бала қамы үшін» қолға қару алып күреске шығып, «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгеруді» мақсат еткенін тебірене жырлайды. Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің де түпкі идеясы осы еді. Махамбеттің «Арқаның қызыл изені-ай» өлеңін академик Қажым Жұмалиев 1938 жылы халық арасынан жазып алған. Туындыда ел ішіндегі ынтымақ-бірлік, адамгершілік-кісілік мәселелері қозғалады. Насихат, үлгі-өнеге сарынында шығарылғандықтан, халықтың кейбір келеңсіз мінездері мен қасиеттерін сынға алады. Мысалы, ««Кәрісі кімнің жоқ болса, Жасы болар дуана» деп, ақыл-кеңес беріп, кезегі келгенде өзінен шыққан тентек-бұзақыларды тыйып отыратын ақсақалдың, ауыл ағасының азайып бара жатқанына өкініш білдіреді. Тегінде тәрбие көрмеген кейбіреулерден «Бір сынаған жаманды, Екіншілей сынама!» деп түңіледі. Соңында «Тірісінде сыйласпаған ағайынды өлгенде құрметтеудің қажеті шамалы» деген түйінді ойға тоқталады.

+1 дауыс

Қазақ халқы талай қиын кезеңді талай басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары болған. Олар сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі өкілдердің бірі - Махамбет Өтемісұлы. Ол - тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Махамбет Нарын өлкесінде өмір сүріп, « қара қаза, сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан, халықты соңына ерте білген. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды.

Махамбет Өтемісұлы

1846 жылы Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы.

Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ жыршысы.

Менің атым – Махамбет,

Жасқұстағы Жәңгір хан

Ісінен болдым құса - дерт.

Атасы өткен Айшуақ

Соны көзі көрді ғой:

Менің атам Өтеміс

Елдің қамын жеді ғой - деген жалынды отты сөздерін еске алуға болады.

Ерлікке, елдікке шақыратын «Мен, мен едім, мен едім» деген өлеңі.

Мен, мен едім, мен едім

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Қай қазақтан кем едім?

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарыны ерекше.

Өлең - тәрбие құралы. Көне заманнан бері халқымыз тәрбие құралы ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары мен дастандарды, өлеңдер мен терме, баталарды, мақал - мәтелдерді, қанатты сөздер мен шешендік өнерді, ырым - тиым сөздерді тиімді пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып отырды. Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды.

Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады. Амал не, қараңғы халық ойын түсінбеді, оның өлеңінің құдіретіне бас исе де, ақын соңына ермеді. Патша әскерінің қаруынан сескенген халық ақынның өлеңмен шақырған үндеуіне құлақ аспады.

Ақыры жетті күн бүгін,

Ақырып теңдік сұраған.

Түнектің түріп түндігін,

Ат міндің сұлу құладан.

Парызың бүгін өтелген,

Әр ізің жатыр жаңғырып.

Азаттық туын көтерген,

Ақынның жыры мәңгілік!

...