0 дауыс
5.6k көрілді
Кактусты қалай өсіреді және оның қандай пайдасы бар?

4 жауап

0 дауыс

Егер сіз бөлме өсімдіктерін өсірумен ешқашан айналыспасаңыз, тәжірибені кактус өсіруден бастаған жөн. Олардың басқа гүлдерге қарағанда бірқатар басымдықтары бар:

- Күтімді көп қажет етпейді. Бұл ерекшелікті өзіңіз қалай бағаласаңыз, потенциалды сатып алушы да солай бағалайды. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау үшін көп адамның мүмкіндігі бола бермейді. Ал кактус күтімді аз қажет ететін  өсімдік.

- Өте аз орын алады. Басқа өсімдік түрлеріне қарағанда кактустар көлемді ыдысты қажет етпейді. Орташа кактус диаметрі 20 см-лік ыдысқа оңай орнығады, ал кішігірім түрлерін одан да аз көлемдісінде өсіруге болады.

- Үй мен кеңселердің түрлі интерьерлеріне оңай сәйкес келеді.

Кактустар электромагнитті толқындарды (оған компьютерді жатқызуға болады) сіңіру қасиетіне ие. Дәрігерлер компьютермен жұмыс жасағаннан бастары ауыратын адамдарға компьютердің қасына кактус қоюды кеңес етеді. Жағымсыз жағдайларда кактустар өздерін жайлы сезінеді және бұл олардың жақсы өсуіне септігін тигізеді.

Кактусты алатын болсақ, кішкентай кактустың бағасы  шамамен 400-500 теңгені құрайды, ал үлкен кактус өзінің түрі мен ыдыс диаметріне байланысты 4 000-5 000 теңгеге дейін барады.

дерек көзі

0 дауыс
Аптасына 1 рет суарып тұрасың, басқа күтім керек емес
0 дауыс
Су құйып тұрсаң болды. Шаңнан тазартудың қажеті жоқ. Компюьтердің жанына қойсаң пайдасы көп.
0 дауыс
кактус гүлдеу үшін не істеу керек
...