0 дауыс
Кактусқа тікенектер не үшін қажет? Өзін қорғау мақсатында ма?
23.05.2014 6.4k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Кактусқа тікенектер тае қана қорғаныс үшін емес. Кактустың тікенектерінің мақсаты көп. Олар әртүрлі болады, ине сияқты өткір, сонымен бірге қысқа, иірілген, жұмсақ. Тікенектердің басты қызметі ылғылды сіңіру. Себебі кактустар өсетін жерде айлап, тіпті жылдап жауын жаумайды. Шөлейт жерлерде темпеаратура күрт өзгеріп отырады. Осындай кезде шық пайда болады, осы шықтан кактус тікенектері ылғал сіңіреді. Қатты шөл жерде жануарлар көп мекендемейді, сондықтан қорғану қажеттіліг жоқ. Мұндай жерде өсетін кактустардың тікенекетрі біршама жұмсақ болады. Үлкен, өткір тікенектері бар кактустар шөпті аймақтарда өседі. Мұндай тікенектер шөп жейтін жануарлардан қорғану мақсатына арналған.

23.05.2014
Өте жақсы жауап. Дұрыс айтсыз. Қорғаныс мақсатында емес, су қорын жинақтау мақсатында.

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы