+1 дауыс
785 көрілді
Көшеде біреу маған тиіспек болса, мен қорғану мақсатында ол адамды ауыр жарақаттап алсам, жазаға тартыламба?
Иа тартыласың!Себебі ол адамның өмірне қауіп төндірдіңзғо.

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
66-бап. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату Қоғамдық қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан, сондай-ақ тұтқиылдан шабуылдау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды сот iстiң мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
32-бап. Қажеттi қорғану

      1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
      2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады.
      3. Нәтижесiнде қол сұғушыға тым шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
      Адам өміріне қол сұғатын не:
      қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін қаруды не өзге де заттарды немесе құралдарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен;
      қорғанушының немесе басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен не мұндай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен;
      тұрғын үйге немесе өзге де үй-жайға заңсыз басып кірумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
–1 дауыс

Иә жазаға тартыласың. Өтінем, толығырақ ақпарат беруге тырысыңыз (25 әріптен кем болмасын)

–1 дауыс
Әрине, тартыласың. Ең дұрысы тез жүгіріп үйрен. Қарақшыларға қарсы ең жақсы тәсіл - олардан қашып кету.
фуууууууууууууууу(
–1 дауыс
Ия, жазаға тартыласың. Негізі көшеде олай тиісетін адамдар менттерге шағымданбайды. Өзім көріп жүрмін ғой. Скорее всего ертеңіне балдарын жинап келіп сенен кегін алады. Сол үшін балдарыңды дайындап қой. Бір звонокпен жиналатындай.
көшенің адамысынғой дим иа?
кекті не үшін алады ол бірінші боп тиіссе оныкы не прав болады ғой
жооқ. олай айтпа. ешкімге өздігімнен соқтықпаймын. Егер тиіссе ответсіз қалмайды. Енді әркімнен таяқ жеп жүруге болмайды ғой. Өзіңді мойындата білу керек басқаларға да. Таяқ жеп үндемей жүре беретіндердің қатарынан емеспін тек.)))
жарақаты үшін алады. бастаған ісін аяғына жеткізе алмай қапыда қалғаны үшін алады.
Қорқыттыңғой мені)) Сенің жазғаныҢ ер адамдарға қатысты сияқты...
ой, Ай-ару! Мен сұрақты ер бала қойған екен деп қалдым. ))). Сізге айтарым абай болып жүріңіз.
...