0 дауыс
2.2k көрілді
Менің көзім нашар көреді.Көзге арналған қандай жаттығулар бар? Үй жағдайында

2 жауап

0 дауыс
Көз бізден ұқыптылықты талап етеді, сондықтан жиірек таза ауада серуендеу қажет. Оған қоса, төменде көрсетілген жаттығуларды күніне бірнеше рет жасап тұру өте пайдалы.

Түзу отырыңыз, назарыңызды алға қарай бағыттап, көзіңізді жабыңыз. Сөйтіп, айналмалы қозғалыстар жасаңыз. Мәселен, солға, жоғарыға, оңға, төмен қарай. (5-10 рет)

Саусақтардың ұшымен көзді аздап басып тұрыңыз да, алып тастаңыз. Бұл тәсілді 5 рет қайталаңыз. Одан кейін көзді ашып, жылдам ырғақпен 15 рет жыпылықтатыңыз.

Оң қолыңызды алға созып, назарыңызды ортаңғы саусақтың тырнағына аударыңыз. Қолыңызды оң жаққа максимальді бағыттаңыз, бірақ басты бұрмаңыз және назарды саусақтан алмаңыз. Оң жақ қолыңызды қайтарып, енді сол жақ қолыңызбен жасаңыз. Мұны да 5 рет қайталаңыз.

Көзіңізді жауып, қатты жұмыңыз. 5 рет қайталаңыз. Жаттығуды жасап болып, 15 рет жыпылықтаңыз.

Бірнеше рет терең дем алыңыз, тынысты ұстап, белді бүгіп, басты алға қарай түсіріңіз. Содан кейін 5-ке дейін санап, қайтадан түзу тұрыңыз. Терең дем алып, жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.
0 дауыс

 

Мын көз жатттығуларын жаса өте пайдалы

...