+1 дауыс
7.6k көрілді

Үйдегі асыранды қоян мен далада өскен жабайы қоянның қандай айырмашылығы бар?

Үй қояны мен жабайы қоянның қандай айырмашылығы бар?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Жабайы қоянның­ еті үй қоянынікінен мүлде басқаша, жыл­қы­ның еті сияқты тығыз, дәмі де соған ұқсас әрі емдік қасиеті де күшті бола­ды. Қоян еті асқазан,  ішек ауруларына шипа. Ал үй қоянының еті кәдімгі тауықтың еті сияқты түсі ақ, дәмі де соған ұқсас келеді. Сон­дай-ақ жабайы қоянның терісі жұқа, ал үй қоянының терісі қалыңдау болады. Олардың тағы бір ерекшелігі, жабайы қояндар ін қазбайды. Олар шеңгелдің түбін, қа­лың шөптің арасын жатақ ретінде пайдаланады. Сондықтан олардың жайылымы жатағы­нан ұзақ болмайды. Бірақ із жасыру үшін олар жайылымға ары-бері жүріп ізді көп қалдырады да, олардың жатаққа кеткен ізін табу қиынға соғады. Қыстың күндері олардың ізде­рі­нің ескі немесе жаңа екенін түскен қы­рауға қарап білуге болады. Ал мына қояндарды арнайы қамауға алғанмен де, өздерінше ін қазады. Кейбіреулері сол іннің ішін паналайды. Тағы бір айта кететін жайт, жабайы қояндардың түсі  жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Үй қояндары біртүсті, жылдың қай маусымында да өңін жоғалтпайды....

+3 дауыс
Үй қоянына қарағанда дала қояны жылдам және еті дәмді екенін білем)
+2 дауыс
Айыру қиын емес. Олардың іс-әрекетінен білуге болады.
+2 дауыс
Қазақша қоян деп аталғанымен орыс тілінде үй қояны - кролик, дала қояны - заяц деп аталады.
+1 дауыс
Аяқтарында. Үй қоянының аяғы жабайы қоянға қарағанда қысқа болады.
...