0 дауыс
12.1k көрілді

Жаңа жол ережесі 2015 туралы білесіз бе?

Жаңа жол ережесі 2015

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

   

   «Жол қозғалысы» туралы Заң павлодарлық автоәуесқойлар арасында үлкен дау тудырды. Наразы топ көлік сыртына салынған аэрографиялық суреттерге тыйым салуды орынсыз деп санайды. Оның жол-көлік апатына еш қатысы жоқ деген пікірде. Бірақ тәртіп сақшылары соңғы өзгерістерге сай көшеде қауіпсіздік пен тәртіп орнайтынына сенеді. 300-ден астам көшесі бар Павлодарда осымен үшінші күн жол жүру ережелері түсіндірілуде. Әдетте тоқтай сала, құжатын ала жүгіретін тізгіншілерді бүгін тәртіп сақшылары көліктеріне қайта отырғызып жатыр. Себебі бұдан былай жүргізуші куәлігін терезені түсіріп, салон ішінен ұсынуы керек. Санаулы тәуліктер ішінде Заңға енген өзге де тармақтармен шаһардың 5 мыңнан астам тұрғыны танысып үлгерді. Бибол Жұманов, Павлодар облыстық ІІД әкімшілік полициясының инспекторы: - Кешеден бері жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңы күшіне енгеніне байланысты жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта сол жұмыстардың нәтижесінде біздің осы қала тұрғындары, қала жүргізушілері осы заңның күшіне енгеніне байланысты өздері біледі. Жаңа заңға қатысты жергілікті автоәуесқойлар арасында әртүрлі пікірлер айтылуда. Павлодардағы темір тұлпарды тюнингтейтін қауымдастықтар аэрографияға қатысты тыйымның орынсыз екенін айтады. Алмат Құсайынов, автоәуесқой: - Бұл – аэрография. Оны 400 долларға жасаттым. Мысалы бұл әр адам үшін шығын. Қазіргі шығарылып жатқан заң мүлдем ойға келетін нәрсе емес. Апат жан-жақта болып жатыр. Аэрография апатқа себеп деген ақылға сыймайтын дүние. Тағы бір түйткіл тұрақ аймағын белгілеу бойынша туындап отыр. Мақсат – жол бойына көлігін қалдырған және рұқсат белгісі жоқ жерге тоқтағандарды тәртіпке салу. Тұрақ аймағын білдіретін «П» белгісі алдағы жартыжылдықта сауда орындары мен кеңселердің алдына орнатылуы тиіс. Сәйкесінше, жүргіншілер жолағына шығып кеткендер темір тұлпарларын айып тұрағынан табуы ғажап емес. Бұл балалар алаңқайы мен есік алдын бөгеп тастайтын көлік иелеріне де қатысты. Полицейлер мен әкімдік өкілдері мәселені бірлесіп шешпек. Азамат Бәйтенов, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы: - Осы жылы 58 тұрғын үйдің ауласы жөнделіп, көбінде жаңадан автотұрақтар жасалынды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы барлық аулаларды қазір ішкі істер бөлімімен қосылып, мониторинг жүргізіп, керекті аулаларды тағы осындай келесі жылдарға қарастырып, тұрақтарды жасайды. Түсіндіру жұмыстары алдағы көктемге дейін жалғасады. Кейін жаңа ережені бұзғандар әкімшілік жауапкершіліктен жалтара алмайды.

     

   Ереже бұзған жүргізушілер енді айыппұлды екі-үш есе артық төлеп, полицейлердің бүкіл бұйрығына бағынуы тиіс. Тіпті, тоқтатқан жол сақшысы рұқсат бермейінше көлігінен түсуіне де құқық жоқ. Есесіне, полицейлердің құзыры күшейгені сонша, ереже бұзған жүргізушілерді жұмыстан тыс уақытта, формасыз жүріп-ақ жауапқа тартуына болады.

Бүгіннен бастап айыппұл көлемінің шарықтағаны аздай, жүргізушінің көліктен түсу-түспеуін жол полицейі шешеді деген мәселе қоғамда үлкен дау туғызуда.  Жүргізушілердің басым бөлігі мұндай тәртіп жол сақшысына берілген шексіз билік, жемқорлыққа жол ашады деп наразылығын білдіріп жатыр. Алайда, жаңа заңды түсіндіруге шақырған Жол комитетінің өкілдері қатаң талапты қабылдауға "тәртіпсіз" жүргізушілердің өздері мәжбүрледі дейді.

Былтыр мыңнан астам құқық бұзушылық болған. Полицейді соққаны бар, полицейге қарсы тәртіп бұзғаны да бар. Сол үшін жасалған ғой.

Бұдан былай жол ережесін бұзып қойғандар төлейтін айыппұлдың мөлшері екі-үш есеге артып кетті. Мәселен, жылдамдықпен жүйткіп жүргенді жақсы көретіндер бұрын 9 мыңнан 25 мың теңгеге дейін төлесе, енді 55 мыңға дейін шығынданады. Көлік тізгінінде телефонмен сөйлескендер де, жолдан бұрылу және тыйым салған жерге тоқтағандар үшін де айыппұл екі есеге көбейді...

Ал жолдың қарсы бетіне шығып алдыңыздағы көлікті басып озғандар жүргізуші куәлігінен 1 жылға айрылады. Мас күйінде көлікке мінетіндерге жаза 3 жылдан басталады.

Ал заңды қабылдаған депутаттар "қымбат" айыппұлды төлегісі келмейтіндер, ережені бұзбасын деген пікірде. Рөлге өздері отырмайтын, жүргізушісімен ғана жүретін мәжілісмендер, осындай қатаң заң арқылы ғана жүргізушілерді тәртіпке саламыз дейді. Бірақ, жемқорлыққа жол берілетінін мойындайды.  

Тоқтатқан шопыр бүкіл осы айыппұлды төлегеннен гөрі оның жартысын ғана төлеп тастау деген жеңіл болар еді. Айыппұлдар қымбат болғандықтан жүргізуші ГАИ қызметкеріне пара ұсынайын десе оның да бағасы өсіп кетеді ғой.

Бұздым. Бұзғанда қасымда немерем бар еді. Соны ременін тақтым да, өзім тағып үлгірмедім. Соны көріп қойып тоқтатты. Олар кешірім сұрады. Таныған болуы керек. Айып төлеген жоқпын.

Осылайша, жүргізушілер жол ережесін бұзса, жаңа заң бойынша кем дегенде 5 мың теңгесінен қағылады. Жолдағы тәртіпті екі-үш мәрте бұзатын болса, жүргізуші куәлігімен де қош айтысуы мүмкін. Ал айыппұл салынған күні немесе сол аптада төлейтін ұқыпты жүргізушілерге жеңілдік алдағы жылдан бастап күшіне енеді.

 

0 дауыс
Өз көлігімді бермеймін жолполға ) Сенімхат пен айыппұл ережесі ұнады.
0 дауыс
Қазір Айдос жауап береді, сәл шыдай тұр!
0 дауыс
Басқасын білмеймін бірақ балалрға арналған креслоны білемін
0 дауыс
2016 зан бойынша коликтин алдынгы баковые и лабовые стеклога канша пайыздык тонировка салынуы тис, зан бойынша, гайлар отирик коп айтат сурак койсан, жауап тосамын

Ұқсас сұрақтар

...