+4 дауыс
526 көрілді

Ай сайынғы қаржылай сыйлықтың арқасында кімнің-кім екенін білеміз ...

Яғни, бұрын сайтта белсенді болмай, қаржылай сыйақыны естіп белсенділіктерін арттырып жатқандар бар, дұрыс әрине, олардың белсенділіктері сайтқа сәл де болсын пайда әкеледі, бірақ сондай ақша құмарлықтарыңды ашық көрсетудің не керегі бар? Сайтқа пайдасын тигізгісі келген адам қаржылай сыйақысыз-ақ сайтта белсенді болар еді. Кейбіреулер алдың сайтқа күнде кірсе де  белсенділік танытпайтын еді, ал қазіргі белсенділіктеріне сөз жоқ. Достар, сондай жасандылықтың не керегі бар?

Сондай "жасанды белсенді қолданушылардан" минустар мен спамдар және қарсы пікірлер күтемін..

Өз ойларыңызды жазсаңыздар, керек болса сұрақты өшіремін..

Қақа)) meddi сенен мұндайды күтпеп едім)
ако, сенің қатысың жоқ, жауаптарың күшті, маған пайдасы тиіп жатыр, рахмет сол үшін.

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әдейі белсенділікті арттыру үшін жасалып жатыр ғой сыйақы. Ақша бекерге біреуге кетіп бара жатыр деп уайымдасаң қателесесің. Ол адам ақшаны алғанмен орнына өзінің білетінін, білімін қалдырып кетеді көмекке мұқтаж жандарға. Бос, құрғақ жауап деп уайымдасаң тағы қателесесің. Админнің өзі қадағалап үздік жауаптарды өзім таңдаймын деген жоқ па? Ол таңдаған жауап қалайша бос жауап болады. Сондықтан іштарлықты қояйық. Жәй ғана олардың белсенділіктерін бақыла, өзіңе керегіңді ал басқа қолдан келмесе.
үндемей, ЖЖ таңдай салайын.
+1 дауыс
Сенің бұл жазбаң көреалмаушылық деп аталады. Ең бастысы дұрыс сапалы жауап жазса болды емес пе?!
А сосын кімнің кім екенін моншаға барғанда көресің!
мен шындықты жаздым, сосын мен кімді көре алмайды екенмін? Үздіктердің қатарына бос жауаптармен қосылу менің де қолымнан келеді..
+1 дауыс
Жазғаның дұрыс. Келдім менде соны көріп ))

Ақшалай сыйлықты шығару сайттағы белсенділікті арттырды. Бұрынғы күндермен салыстырсақ сайтта жауап беретін сұрақта қалмай жатыр.

Ақша қойылған соң "ақша керек емес" деп айтатын адам да жоқ деген сөз.
ммм дей салайын :)
0 дауыс
Адин өзі жариялайтын шығар бәлкім
+2 дауыс
Медди сен өзің ойлап көрш, қазір кім-кімге тегін жұмыс істегендей. Сен басқа біреудің пайдасы үшін сағаттап бос уақытыңды жіберіп жауап беріп, жұмыс істейсіңба? Бұл сайт халыққа пайдалы екенін білем, бірақ ең негізгі пайда осы сайттың админына емеспа. Сыйлық алам деп жұмыс істесе несі бар, барлығының көздегені сол 10мың теңге дейсіңба. Кім ол ақшамен байып кетеді дейсің, проста қызық көреді да. Әйтпесе 5-6 мыңды сағаттап комп алдында отырмай, бір күн жұмыс істесе де табад, барлық адам.
0 дауыс
Злой, ако, м.вирус жауаптары жақсы жүлдені солар алғанын қалаймын.
0 дауыс
Бұлай болуы айдай анық едi ғой. Бұл бастау ғой. Сайтқа айына бiр 300.000-мың теңге бөлiнсе бюджеттен 10-үздiкке, қызықтың көкесi, нағыз ойын сонда басталар едi! Әр қайсы 10-үздiкке 30.000 мың теңгеден кәдiмгi бiр айлық! Ол кезде кәдiмгiдей кiрiседi адамдар. Менде кiрiсiп кетер едiм! Кәдiмгi мамандырылған сайт болады, сұрақтар жауапсыз қалмайтыны белгiлi. Қәзiр тәулiгiне 30.000-80.000 адам кiрсе сайтқа, ол кезде ол санға тағы бiр-екi нөл қосылары анық! Қазақстандағы жылдық табысы көп сайт осы сайт болып кетеме дейсiң тағым!!!
иә дұрыс)





.
0 дауыс
дұрыс айтысыңдар, алдын кіретіндер аз еді, ақша,ақша береміз деген соң қаптап кетті
...